وَفِي رِوَايَةٍ لِمُسْلِمٍ: «لَمَّا نَزَلَ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَرْفَعُوا أَصْوَاتَكُمْ فَوْقَ صَوْتِ النَّبِيِّ﴾ الْآيَةُ، جَلَسَ ثَابِتٌ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَبْكِي فِي بَيْتِهِ فَالْتَمَسَهُ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، وَذَكَرَ الْحَدِيثَ».
Мүслімнің бір нұсқасында былай делінген: «“Уа, иман келтіргендер! Дауыстарыңды Пайғамбардың даусынан асырмаңдар...” (“Хужурат”, 2) деген аят түскенде, Сәбит үйінде жылап отырды. Алла Елшісі (с.а.с.) оны іздеді...» Рауи хадисті әрі қарай баяндайды1.
Түсіндірме
1. Сәбит ибн Қайс ибн Шәммас ансарлардың және Алла Елшісінің (с.а.с.) шешені болған. Ал Хассан ибн Сәбит Пайғамбардың ақыны еді. Сәбит Ухудқа және одан кейінгі жорықтарға қатысып, Ямамада шейіт болды.
2. «Хужурат» сүресінде мүміндерге Пайғамбардың (с.а.с.) даусынан дауыстарын асырмау бұйырылып, әйтпесе амалдары зая кетуі мүмкін екені ескертілген. Сәбиттің даусы зор еді. Ол аятты естігенде, өз дауысым Алла Елшісінің даусын басып кететін деп уайымдаған. Пайғамбар оған аяттағы ескерту өзіне қатысты еместігін білдіріп, жәннатпен сүйіншіледі. Түсіндірушілер аятты Алла Елшісінің алдында әдеп сақтауға, сүннетте белгіленген өлшемнен аспауға үндейді деп ұққан.
- 1Мүслим, «Иман», №119.