Хадис

Сәбит ибн Қайс ибн Шәммас (р.а.)

Кутуб ситтә, 10-том, 657-тарау · 2 хадис · № 4469–4470

Хадистер

4469
Кутуб ситтә, № 4469 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «افْتَقَدَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ثَابِتَ بْنَ قَيْسٍ، فَقَالَ رَجُلٌ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنَا أَعْلَمُ لَكَ عِلْمَهُ. فَأَتَاهُ فَوَجَدَهُ جَالِسًا فِي بَيْتِهِ مُنَكِّسًا رَأْسَهُ يَبْكِي. فَقَالَ: مَا شَأْنُكَ؟ قَالَ: شَرٌّ، كَانَ يَرْفَعُ صَوْتُهُ فَوْقَ صَوْتِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَقَدْ حَبِطَ عَمَلُهُ وَهُوَ مِنْ أَهْلِ النَّارِ. فَأَتَى الرَّجُلُ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَأَخْبَرَهُ. فَقَالَ: اذْهَبْ إِلَيْهِ فَقُلْ لَهُ: إِنَّكَ لَسْتَ مِنْ أَهْلِ النَّارِ. وَلَكِنَّكَ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Сәбит ибн Қайсты сұрастырды. Бір кісі: “Уа, Алланың Елшісі, оның хабарын біліп келейін”, – деді. Үйіне барғанда, Сәбитті басын салбыратып жылап отырған күйінде көрді.

– Не болды? – деп сұрады ол.

– Жағдайым жаман. Даусымды Пайғамбардың (с.а.с.) дауысынан асырып жүрдім. Амалым зая кетті, тозақ иелерінен болдым, – деді Сәбит. Әлгі кісі Алла Елшісіне барып, болған жайтты айтты. Пайғамбар: “Оған бар да, ‘Сен тозақ иелерінен емессің, жәннат иелеріненсің’ деп айт”, – деді»1.

  1. 1Бұхари, «Манақиб», 25-тарау, «Тәпсір», «Хужурат» сүресі, 1-тарау. Мүслим, «Иман», №119.
4470
Кутуб ситтә, № 4470 · тараудағы реті: 2

وَفِي رِوَايَةٍ لِمُسْلِمٍ: «لَمَّا نَزَلَ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَرْفَعُوا أَصْوَاتَكُمْ فَوْقَ صَوْتِ النَّبِيِّ﴾ الْآيَةُ، جَلَسَ ثَابِتٌ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَبْكِي فِي بَيْتِهِ فَالْتَمَسَهُ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، وَذَكَرَ الْحَدِيثَ».

Қазақша аудармасы

Мүслімнің бір нұсқасында былай делінген: «“Уа, иман келтіргендер! Дауыстарыңды Пайғамбардың даусынан асырмаңдар...” (“Хужурат”, 2) деген аят түскенде, Сәбит үйінде жылап отырды. Алла Елшісі (с.а.с.) оны іздеді...» Рауи хадисті әрі қарай баяндайды1.

Түсіндірме

1. Сәбит ибн Қайс ибн Шәммас ансарлардың және Алла Елшісінің (с.а.с.) шешені болған. Ал Хассан ибн Сәбит Пайғамбардың ақыны еді. Сәбит Ухудқа және одан кейінгі жорықтарға қатысып, Ямамада шейіт болды.

2. «Хужурат» сүресінде мүміндерге Пайғамбардың (с.а.с.) даусынан дауыстарын асырмау бұйырылып, әйтпесе амалдары зая кетуі мүмкін екені ескертілген. Сәбиттің даусы зор еді. Ол аятты естігенде, өз дауысым Алла Елшісінің даусын басып кететін деп уайымдаған. Пайғамбар оған аяттағы ескерту өзіне қатысты еместігін білдіріп, жәннатпен сүйіншіледі. Түсіндірушілер аятты Алла Елшісінің алдында әдеп сақтауға, сүннетте белгіленген өлшемнен аспауға үндейді деп ұққан.

  1. 1Мүслим, «Иман», №119.