عَنْ عَدِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَتَيْتُ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ فِي نَفَرٍ مِنْ قَوْمِي فَجَعَلَ يَفْرِضُ لِلرَّجُلِ مِنْ طَيِّئٍ فِي أَلْفَيْنِ وَيُعْرِضُ عَنِّي فَاسْتَقْبَلْتُهُ فَأَعْرَضَ عَنِّي. ثُمَّ أَتَيْتُهُ مِنْ حِيَالِ وَجْهِهِ فَأَعْرَضَ عَنِّي فَقُلْتُ: يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ، أَتَعْرِفُنِي؟ فَضَحِكَ، وَقَالَ: نَعَمْ، وَاللَّهِ إِنِّي لَأَعْرِفُكَ. آمَنْتَ إِذْ كَفَرُوا، وَأَقْبَلْتَ إِذْ أَدْبَرُوا، وَوَفَيْتَ إِذْ غَدَرُوا، وَإِنَّ أَوَّلَ صَدَقَةٍ بَيَّضَتْ وَجْهَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَوُجُوهَ أَصْحَابِهِ صَدَقَةُ طَيِّئٍ جِئْتَ بِهَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، ثُمَّ أَخَذَ يَعْتَذِرُ. ثُمَّ قَالَ: إِنَّمَا فَرَضْتُ لِقَوْمٍ أَجْحَفَتْ بِهِمُ الْفَاقَةُ وَهُمْ سَادَةُ عَشَائِرِهِمْ لِمَا يَنُوبُهُمْ مِنَ الْحُقُوقِ. قُلْتُ: فَلَا أُبَالِي إِذًا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ مُخْتَصَرًا وَأَحْمَدُ مُطَوَّلًا.
Ади (р.а.) былай дейді: «Қауымымнан бірнеше кісімен Омар ибн әл-Хаттабтың (р.а.) алдына бардым. Ол Тай руының кісілеріне екі мың дирхамнан үлес белгілеп жатты. Маған назар аудармады. Қарсы алдына өтсем де, жүзін бұрды. Алдына қайта өттім, ол тағы да теріс қарады. Ақыры: “Уа, мүміндердің әміршісі, мені танисыз ба?” – дедім. Ол күліп: “Иә, Алланың атымен ант етейін, танимын. Олар иман келтірмегенде, сен иман келтірдің. Олар теріс бұрылғанда, сен келдің. Олар сертінен тайғанда, сен уәдеңе берік болдың. Алла Елшісі мен сахабаларын алғаш қуантқан зекет – Тай руының өзің әкелген зекеті еді”, – деді. Сосын өз шешімінің себебін түсіндіре бастады. “Мен жоқшылықтан жапа шеккен кісілерге үлес белгіледім. Олар – өз руларының басшылары. Мойындарында жұртының алдындағы міндеттері бар”, – деді.
Мен: “Олай болса, оған бола ренжімеймін”, – дедім».1
«يَفْرِضُ» أَيْ يُوجِبُ لَهُ هَذَا الْمِقْدَارُ فِي الْعَطَاءِ. وَ«حِيَالُ الشَّيْءِ» تِلْقَاؤُهُ وَمَا يُوَاجِهُهُ. وَ«أَجْحَفَتْ بِهِ الْفَاقَةُ» إِذَا أَفَقَرَتْهُ وَأَذْهَبَتْ مَالَهُ وَجَعَلَتْهُ مُحْتَاجًا إِلَى عَشِيرَتِهِ. وَ«الْفَاقَةُ»: الْفَقْرُ وَالْحَاجَةُ. وَأَرَادَ بِقَوْلِهِ: «لِمَا يَنُوبُهُمْ» مَا يَتَجَدَّدُ لَهُمْ مِنَ الْحَوَادِثِ الَّتِي يَحْتَاجُونَ إِلَى الْإِنْفَاقِ فِيهَا.
Риуаят «Сахихайнға» телінген. Мүслімде Тай руының зекеті туралы қысқа нұсқа, Ахмадтың «Мүснадында» толық нұсқа берілген.
Түсіндірме
1. Ади ибн Хатим ибн Абдулла әт-Таи – жомарттығымен аты шыққан Хатим Тайдың ұлы. Тай руына жорық жасалғанда, ол Шамға кетеді. Тұтқынға түскендердің арасында әпкесі Сәффана да бар еді. Алла Елшісі (с.а.с.) тұтқындарға жақсы мәміле жасап, әкесін ел құрметтеген Сәффанаға да ілтипат көрсетеді. Оған шатыр тігіп, қажетіне қарасып, кейін еліне қайтуына жағдай жасайды. Көрген құрметіне разы болған Сәффана Исламды қабылдап, бауыры Адиге Мәдинаға баруды ұсынады. Алла Елшісімен сөйлескеннен кейін Ади де Исламды қабылдайды. Оқиға һижреттің тоғызыншы жылы болғаны айтылады. Оныншы жыл деген дерек те бар. Ади Мәдинаға келіп, Алла Елшісімен қалай жүздескенін өзі баяндаған.
Ади Мәдинаға келгенде мұсылмандар «Ади келді!» деп, оны ілтипатпен қарсы алған. Ол кезде Ади әлі христиан еді.
Алла Елшісі (с.а.с.) Адиді үйіне ертіп барып, жалғыз төсенішін соған ұсынып, өзі еденге отырды. Бұл ықылас Адиге қатты әсер етті. Пайғамбар оны Исламға шақырғанда, Ади: «Менің дінім бар, христианмын», – деді. Алла Елшісі оның өзі ұстанған дінде тыйым салынған кей істерді жасап жүргенін ескертті де: «Уа, Ади, Исламды қабылда, есендікке жетесің», – деді. Сосын қасындағы мұсылмандардың әлсіз көрінуі оны іркілтіп тұрса, алда жағдайдың өзгеретінін айтты. Хирадан шыққан әйел ешкімнен қорықпай, жалғыз өзі Бәйтулланы тауап ететін, Кисраның қазынасы ашылатын, адамдар зекет берер кісі таппайтын күндер туатынын хабарлады. Ади осы айтылғандардың екеуін көргенін жеткізген. Әйелдердің Бәйтуллаға алаңсыз барғанына куә болып, Кисраның қазынасына жеткен жорыққа өзі қатысқан. Үшінші хабардың да жүзеге асарына сенген.
Осы әңгімеден кейін Ади Исламды қабылдады.
2. Алла Елшісі (с.а.с.) дүние салғаннан кейін кей бәдәуи тайпалары діннен шыққан тұста, Ади иманына берік болды. Қауымы да сол ұстанымынан айнымады. Ади олардың зекетін Әбу Бәкірге алып келді. Әкесіндей жомарт әрі сөзі өтімді кісі болған. Көп хадис жеткізген. Алла Елшісі оны құрметтеп, ас ұсынатын. Адидің сөзге тапқырлығы туралы да көп айтылған.
3. Ади (р.а.) Ирак жорықтарына қатысқан. Қадисия, Михран, Көпір шайқасы сияқты ұрыстарда болған. Шам жорығында Халид ибн Уәлидтің қасында болғаны, Халидтің олжаның бестен бір бөлігін Әбу Бәкірге Ади арқылы жолдағаны айтылады.
4. Ади Куфаға қоныстанды. Шағбидің айтуынша, Әшғас ибн Қайс одан әкесі Хатимнің ыдыстарын сұратқан. Ади оларды толтырып жіберді. «Біз бос ыдыстарды сұрадық», – деп кері қайтарғанда, Ади оларды қайта толтырып: «Бұл ыдыстарды бос күйінде бере алмаймыз», – деп жолдаған.
Ади құмырсқаларға нан үгітіп беріп: «Бұлар – көршілеріміз. Олардың бізде ақысы бар», – дейтін. Сыффин шайқасында Әлидің жағында болды.
Ади (р.а.) һижреттің 67 жылы Куфада қайтыс болды. 68 немесе 69 жылы қайтыс болғаны да айтылады.
- 1Мүслим, «Сахабалардың артықшылықтары», №2523, қысқа нұсқа. Ахмад ибн Ханбал, «Мүснад», 1-том, 45-бет, толық нұсқа.