Хадис

Кутуб ситтә, № 664

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
64. «Юсуф» сүресі
Нөмірі
№ 664 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
664
Кутуб ситтә, № 664 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَوْلِهِ تَعَالَىٰ: ﴿وَمَا يُؤْمِنُ أَكْثَرُهُمْ بِاللَّهِ إِلَّا وَهُمْ مُشْرِكُونَ﴾ قَالَ: «يَسْأَلُهُمْ: مَنْ خَلَقَهُمْ، وَمَنْ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ؟ فَيَقُولُونَ: اللَّهُ. فَذَٰلِكَ إِيمَانُهُمْ، وَهُمْ يَعْبُدُونَ غَيْرَهُ، فَذَٰلِكَ شِرْكُهُمْ». أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) ﴿وَمَا يُؤْمِنُ أَكْثَرُهُمْ بِاللَّهِ إِلَّا وَهُمْ مُشْرِكُونَ﴾ «Олардың көбі Аллаға иман келтіре тұра, Оған серік қосады» деген аятты былай түсіндірген: «Олардан: “Өздеріңді кім жаратты? Көктер мен жерді кім жаратты?” – деп сұрасаң, “Алла” деп жауап береді. Бұл – олардың иманы. Ал құлшылықты Алладан өзгеге арнайды. Бұл – олардың Аллаға серік қосуы».1

قُلْتُ: وَأَخْرَجَ الْبُخَارِيُّ نَحْوَهُ مُعَلَّقًا عَنْ عِكْرِمَةَ فِي آخِرِ صَحِيحِهِ، وَاللَّهُ أَعْلَمُ.

Риуаятты Рәзин қосқан. Бұхари «Сахихының» соңында осыған мазмұндас түсіндірмені Икримадан иснадсыз келтірген.

  1. 1Рәзин келтірген риуаят. Табари, «Жамиғул-баян», 13/51, «Юсуф» сүресінің 106-аятының тәпсірі (№ 19954–19955). Бұхари, «Таухид», 40 (Икриманың түсіндірмесі).