Хадис

«Юсуф» сүресі

Кутуб ситтә, 2-том, 64-тарау · 2 хадис · № 663–664

СҮРЕЛЕРДІҢ ТҮСУ СЕБЕПТЕРІ

Хадистер

663
Кутуб ситтә, № 663 · тараудағы реті: 1

عَنْ عُرْوَةَ بْنِ الزُّبَيْرِ رَحِمَهُ اللَّهُ أَنَّهُ سَأَلَ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا عَنْ قَوْلِهِ تَعَالَىٰ: ﴿حَتَّىٰ إِذَا اسْتَيْأَسَ الرُّسُلُ وَظَنُّوا أَنَّهُمْ قَدْ كُذِبُوا﴾: «أَكُذِّبُوا أَمْ كُذِبُوا؟» قَالَتْ: «كَذَّبَهُمْ قَوْمُهُمْ». فَقَالَ: «وَاللَّهِ، لَقَدِ اسْتَيْقَنُوا أَنَّ قَوْمَهُمْ كَذَّبُوهُمْ، وَمَا هُوَ بِالظَّنِّ». فَقَالَتْ: «يَا عُرَيَّةُ، أَجَلْ، لَقَدِ اسْتَيْقَنُوا بِذَلِكَ». فَقَالَ: «لَعَلَّهَا قَدْ كُذِبُوا». فَقَالَتْ: «مَعَاذَ اللَّهِ، لَمْ تَكُنِ الرُّسُلُ تَظُنُّ ذَٰلِكَ بِرَبِّهَا». فَقَالَ: «فَمَا هَذِهِ الْآيَةُ؟» قَالَتْ: «هُمْ أَتْبَاعُ الرُّسُلِ الَّذِينَ آمَنُوا بِرَبِّهِمْ وَصَدَّقُوهُمْ، وَطَالَ عَلَيْهِمُ الْبَلَاءُ، وَاسْتَأْخَرَ عَنْهُمُ النَّصْرُ، حَتَّىٰ إِذَا اسْتَيْأَسَ الرُّسُلُ مِمَّنْ كَذَّبَهُمْ مِنْ قَوْمِهِمْ، وَظَنُّوا أَنَّ أَتْبَاعَهُمْ كَذَّبُوهُمْ، جَاءَهُمْ نَصْرُ اللَّهِ تَعَالَىٰ عِنْدَ ذَٰلِكَ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Уруа ибн әз-Зубайр былай дейді: «Айшадан (р.а.) ﴿حَتَّىٰ إِذَا اسْتَيْأَسَ الرُّسُلُ وَظَنُّوا أَنَّهُمْ قَدْ كُذِبُوا جَاءَهُمْ نَصْرُنَا﴾ “Пайғамбарлар үміт үзетіндей жағдайға жеткенде һәм толықтай терістелген шақта, оларға Біздің жәрдеміміз жетті”1 деген аят жайында сұрадым. “Аяттағы сөз ‘куззибу’ деп шәддәмен оқыла ма, әлде ‘кузибу’ деп шәддәсіз оқыла ма?” – дедім. Ол: “Оларды өз қауымдары жалғанға шығарды”, – деді».

Уруа сөзін жалғап былай дейді: «Мен: “Алланың атымен ант етейін, пайғамбарлар өз қауымының оларды жалғанға шығарғанын анық білген ғой. Онда бұл жорамал болып шықпайды”, – дедім. Айша: “Иә, Уруатай, олар мұны анық білген”, – деді. Мен: “Бәлкім, бұл сөз ‘кузибу’ деп оқылар”, – дедім. Ол: “Алла сақтасын! Пайғамбарлар Раббысы жайында мұндай ойға бармаған”, – деді. Мен: “Онда аятта кімдер жайында айтылған?” – деп сұрадым. Ол: “Аятта Раббысына иман етіп, пайғамбарларын растаған жандар айтылып тұр. Олар ұзақ сыналды, Алланың жәрдемі кешікті. Ақырында, пайғамбарлар өздерін жалғанға шығарған қауымынан үміт үзді. Енді өздеріне ергендер де оларды жалғанға шығарды-ау деп ойлаған сәтте Алланың жәрдемі жетті”, – деді»2.

  1. 1«Юсуф» сүресі, 110-аят.
  2. 2Бұхари, «Әнбия», 19 (№ 3389), «Тәпсір», «Бақара», 38, «Юсуф», 6 (№ 4695).
664
Кутуб ситтә, № 664 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَوْلِهِ تَعَالَىٰ: ﴿وَمَا يُؤْمِنُ أَكْثَرُهُمْ بِاللَّهِ إِلَّا وَهُمْ مُشْرِكُونَ﴾ قَالَ: «يَسْأَلُهُمْ: مَنْ خَلَقَهُمْ، وَمَنْ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ؟ فَيَقُولُونَ: اللَّهُ. فَذَٰلِكَ إِيمَانُهُمْ، وَهُمْ يَعْبُدُونَ غَيْرَهُ، فَذَٰلِكَ شِرْكُهُمْ». أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) ﴿وَمَا يُؤْمِنُ أَكْثَرُهُمْ بِاللَّهِ إِلَّا وَهُمْ مُشْرِكُونَ﴾ «Олардың көбі Аллаға иман келтіре тұра, Оған серік қосады» деген аятты былай түсіндірген: «Олардан: “Өздеріңді кім жаратты? Көктер мен жерді кім жаратты?” – деп сұрасаң, “Алла” деп жауап береді. Бұл – олардың иманы. Ал құлшылықты Алладан өзгеге арнайды. Бұл – олардың Аллаға серік қосуы».1

قُلْتُ: وَأَخْرَجَ الْبُخَارِيُّ نَحْوَهُ مُعَلَّقًا عَنْ عِكْرِمَةَ فِي آخِرِ صَحِيحِهِ، وَاللَّهُ أَعْلَمُ.

Риуаятты Рәзин қосқан. Бұхари «Сахихының» соңында осыған мазмұндас түсіндірмені Икримадан иснадсыз келтірген.

  1. 1Рәзин келтірген риуаят. Табари, «Жамиғул-баян», 13/51, «Юсуф» сүресінің 106-аятының тәпсірі (№ 19954–19955). Бұхари, «Таухид», 40 (Икриманың түсіндірмесі).