وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ خَرَجَ مِنْ عِنْدِنَا لَيْلًا. قَالَتْ: فَغِرْتُ عَلَيْهِ أَنْ يَكُونَ أَتَى بَعْضَ نِسَائِهِ، فَجَاءَ فَرَأَى مَا أَصْنَعُ. فَقَالَ: مَا لَكِ يَا عَائِشَةُ، أَغِرْتِ؟ فَقُلْتُ: وَمَا لِي لَا يَغَارُ مِثْلِي عَلَى مِثْلِكَ؟ فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَقَدْ جَاءَكِ شَيْطَانُكِ. قُلْتُ: أَوَمَعِيَ شَيْطَانٌ؟ قَالَ: لَيْسَ أَحَدٌ إِلَّا وَمَعَهُ شَيْطَانٌ. قُلْتُ: وَمَعَكَ؟ قَالَ: نَعَمْ. وَلَكِنْ أَعَانِي اللَّهُ عَلَيْهِ فَأَسْلَمَ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالنَّسَائِيُّ. قَوْلُهُ: «فَأَسْلَمَ» أَيْ انْقَادَ وَأَذْعَنَ وَصَارَ طَوْعًا فَلَا يَكَادُ يَعْرِضُ لِي بِمَا لَا أُرِيدُهُ، وَلَيْسَ مِنَ الْإِسْلَامِ الَّذِي هُوَ بِمَعْنَى الْإِيمَانِ.
Әзірет Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бір түні қасымнан шығып кетті. Менің кезегімде әйелдерінің біріне барды ма екен деп, қызғанышқа бой алдырдым. Ол қайтып келгенде менің халімді көріп: “Уа, Айша, саған не болды? Қызғандың ба?” – деп сұрады. “Мен сияқты адам сіз сияқты жанды қалай қызғанбасын?” – дедім. Алла елшісі: “Саған шайтаның келген екен ғой”, – деді. “Менімен бірге шайтан бар ма?” – деп сұрадым. “Иә, шайтаны жоқ ешкім жоқ”, – деді. “Сізбен бірге де бар ма?” – дедім. “Иә. Бірақ Раббым оған қарсы маған жәрдем берді де, ол мұсылман болды”1, – деді».2
Түсіндірме
1. Нәуәуидің түсіндіруінше, түбірі س ل م болатын осы сөздің соңғы әрпі екі түрлі харакатпен оқылған.
1) أَسْلَمُ (әсләму). Соңғы мим әрпі даммамен оқылады.
Бұл оқылым «аман қалу» мағынасын береді. Сонда Пайғамбардың сөзі «Алла оған қарсы маған жәрдем берді, сөйтіп мен оның кесірі мен бүлігінен аман қалдым» деп түсініледі.
2) أَسْلَمَ (әсләмә). Соңғы мим әрпі фатхамен оқылады.
Бұл оқылым «мұсылман болды» дегенді білдіреді. Яғни шайтан мұсылман болып, жақсылықтан өзге ештеңеге үндемейтіндіктен, оның зияны тимейді.
Ғалымдар осы екі оқылымның қайсысы басым екені жөнінде әртүрлі пікір айтқан. Хаттаби: «Дұрысы әрі таңдаулысы – бірінші оқылым», – десе, Қади Ияд екіншісін жөн көреді. Нәуәуи Қади Иядтың мына сөзін жеткізеді: «Үмбет Алла елшісінің (с.а.с.) исмәтіне, яғни қорғалғанына бірауыздан келіскен. Оның тәні, ойы мен тілі шайтанның кесірінен қорғалған».3
2. Хадис шайтанның бүлігінен, азғыруынан және уәсуәсасынан сақтандырады. Оның адамнан ажырамайтынын ескертіп, кесірінен мүмкіндігінше сақ болуға үндейді.
- 1Нәуәуи, «Сахих Мүслимге түсіндірме», №2815 хадис. فَأَسْلَمَ оқылымы «ол мұсылман болды», فَأَسْلَمُ оқылымы «оның кесірінен аман боламын» деген мағына береді.
- 2Мүслим, «Мұнафықтардың сипаттары», № 2815. Нәсәи, «Әйелдермен қарым-қатынас», 4 (7-том, 72-бет).
- 3Нәуәуи, «Сахих Мүслимге түсіндірме», № 2815 хадистің түсіндірмесі.