وَعَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَمَّا كَانَ يَوْمُ الْفَتْحِ أَمَّنَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ النَّاسَ إِلَّا أَرْبَعَةَ نَفَرٍ وَامْرَأَتَيْنِ. فِيهِمُ ابْنُ أَبِي السَّرْحِ فَاخْتَبَأَ عِنْدَ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. فَلَمَّا دَعَا رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ النَّاسَ إِلَى الْبَيْعَةِ جَاءَ بِهِ عُثْمَانُ حَتَّى وَقَّفَهُ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ. قَالَ: يَا نَبِيَّ اللَّهِ بَايِعْ عَبْدَ اللَّهِ؛ فَرَفَعَ رَأْسَهُ فَنَظَرَ إِلَيْهِ ثَلَاثًا، كُلُّ ذَلِكَ يَأْبَى أَنْ يُبَايِعَهُ ثُمَّ بَايَعَهُ بَعْدَ الثَّالِثَةِ. ثُمَّ أَقْبَلَ عَلَى أَصْحَابِهِ فَقَالَ: أَمَا كَانَ فِيكُمْ رَجُلٌ رَشِيدٌ يَقُومُ إِلَى هَذَا حِينَ رَآنِي كَفَفْتُ يَدِي عَنْ بَيْعَتِهِ فَيَقْتُلُهُ. فَقَالُوا: مَا نَدْرِي مَا فِي نَفْسِكَ، أَلَا أَوْمَأْتَ إِلَيْنَا بِعَيْنِكَ فَقَالَ: إِنَّهُ لَا يَنْبَغِي لِنَبِيٍّ أَنْ تَكُونَ لَهُ خَائِنَةُ الْأَعْيُنِ. قَالَ أَبُو دَاوُدَ: وَكَانَ عَبْدُ اللَّهِ أَخَا عُثْمَانَ مِنَ الرَّضَاعَةِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ. «الرَّشِيدُ» اللَّبِيبُ العَاقِلُ الْفَطَنُ. وَ«خَائِنَةُ الْأَعْيُنِ» كِنَايَةٌ عَنْ الرَّمْزِ وَالإِشَارَةِ.
Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай дейді: «Мекке алынған күні Расулалла (с.а.с.) төрт еркек пен екі әйелден өзге жұртқа амандық берді. Төрт еркектің бірі Ибн Әбу Сарх еді. Ол Османды (р.а.) паналады. Расулалла (с.а.с.) жұртты серт беруге шақырғанда, Осман (р.а.) оны ертіп келіп: “Уа, Алланың елшісі, Абдулладан да серт алыңыз”, – деді. Расулалла (с.а.с.) басын үш рет көтеріп, оған қарады. Үшеуінде де серт алуға қолын бермеді.
Үш реттен кейін оның сертін қабылдады. Содан соң сахабаларына бұрылып: “Серт алуға қолымды бермей тұрғанымды көргенде, араларыңнан орнынан тұрып, оны өлтірер ақыл-есті бір кісі шықпады ма?” – деді. Сахабалар: “Ішіңіздегі ойды қайдан білейік? Көзіңізбен ишара берсеңізші”, – деді. Расулалла (с.а.с.): “Пайғамбарға көзбен жасырын қиянат білдіру жараспайды”, – деді». Әбу Дәуіт: «Абдулла Османның (р.а.) емшектес бауыры еді»1, – дейді.
- 1Әбу Дәуіт, «Жиһад», № 2683. Нәсәи, «Тахрим әд-дам», № 4067 (7/105–106).