Хадис

Кутуб ситтә, № 4280

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
595. Меккенің алынуы
Нөмірі
№ 4280 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
4280
Кутуб ситтә, № 4280 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «دَخَلَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَكَّةَ يَوْمَ الْفَتْحِ عَلَى رَأْسِهِ الْمِغْفَرُ فَلَمَّا نَزَعَهُ جَاءَ رَجُلٌ. فَقَالَ: ابْنُ خَطَلٍ مُتَعَلِّقٌ بِأَسْتَارِ الْكَعْبَةِ. فَقَالَ: اقْتُلُوهُ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) Мекке алынған күні қалаға басына дулыға киіп кірді. Дулығасын шешкенде бір кісі келіп: “Ибн Хатал Қағбаның жамылғысына жармасып тұр”, – деді. Расулалла (с.а.с.): “Оны өлтіріңдер”, – деп бұйырды».1

  1. 1Бұхари, «Мағази», № 4286, сондай-ақ «Жаза әс-сайд», 18, «Жиһад», 169, «Либас», 17. Мүслим, «Хаж», № 1357. Мәлик, «Муатта», «Хаж», 247 (1/423). Әбу Дәуіт, «Жиһад», № 2685. Тирмизи, «Жиһад», № 1693. Нәсәи, «Хаж», 107 (5/201).