Хадис

Кутуб ситтә, № 4265

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
590. Әнмар жорығы
Нөмірі
№ 4265 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4265
Кутуб ситтә, № 4265 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي غَزْوَةِ أَنْمَارٍ يُصَلِّي عَلَى رَاحِلَتِهِ مُتَوَجِّهًا قِبَلَ الْمَشْرِقِ مُتَطَوِّعًا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай дейді: «Әнмар жорығында Расулалланың (с.а.с.) көлігі үстінде шығысқа қарап нәпіл намаз оқығанын көрдім».1

Түсіндірме

Уақиди Әнмар жорығының себебін бұған дейін айтылған Бәни Мұсталық жорығының себебіне ұқсатады. Мәдинаға келген бір бәдәуи Расулаллаға (с.а.с.): «Бәни Сағлаба мен Бәни Әнмардың сіздерге қарсы жиналып жатқанын көрдім. Сірә, одан хабарларыңыз жоқ», – деді. Хабарды ести сала жорық ұйымдастырылды. Оған төрт жүз немесе жеті жүз адам қатысқан делінеді. Айни: «Бұл риуаятқа қарағанда, Бәни Әнмар және Бәни Мұхариб жорықтары – бір жорық. Оны Затур-Риқа деп те атаған», – дейді.

Әнмар – Бажила тайпасының бір руы.

  1. 1Бұхари, «Мағази», № 4140, сондай-ақ «Салат», 31, «Тақсир әс-салат», 7, 9.