وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «لَمَّا خَلَقَ اللَّهُ تَعَالَى آدَمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ مَسَحَ ظَهْرَهُ، فَسَقَطَ مِنْ ظَهْرِهِ كُلُّ نَسَمَةٍ هُوَ خَالِقُهَا مِنْ ذُرِّيَّتِهِ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ، وَجَعَلَ بَيْنَ عَيْنَيْ كُلِّ إِنْسَانٍ مِنْهُمْ وَبِيصًا مِنْ نُورٍ، ثُمَّ عَرَضَهُمْ عَلَى آدَمَ، فَقَالَ: “أَيْ رَبِّ، مَنْ هَؤُلَاءِ؟” قَالَ: “هَؤُلَاءِ ذُرِّيَّتُكَ”. فَرَأَى رَجُلًا مِنْهُمْ فَأَعْجَبَهُ وَبِيصُ مَا بَيْنَ عَيْنَيْهِ، فَقَالَ: “أَيْ رَبِّ، مَنْ هَذَا؟” قَالَ: “هَذَا رَجُلٌ مِنْ آخِرِ الْأُمَمِ مِنْ ذُرِّيَّتِكَ يُقَالُ لَهُ دَاوُدُ”. قَالَ: “رَبِّ، كَمْ جَعَلْتَ عُمْرَهُ؟” قَالَ: “سِتِّينَ سَنَةً”. قَالَ: “رَبِّ، زِدْهُ مِنْ عُمْرِي أَرْبَعِينَ سَنَةً”». قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «فَلَمَّا انْقَضَى عُمْرُ آدَمَ عَلَيْهِ السَّلَامُ إِلَّا أَرْبَعِينَ سَنَةً جَاءَهُ مَلَكُ الْمَوْتِ، فَقَالَ آدَمُ: “أَوَلَمْ يَبْقَ مِنْ عُمْرِي أَرْبَعُونَ سَنَةً؟” فَقَالَ: “أَوَلَمْ تُعْطِهَا ابْنَكَ دَاوُدَ؟” فَجَحَدَ آدَمُ فَجَحَدَتْ ذُرِّيَّتُهُ، وَنَسِيَ آدَمُ فَأَكَلَ مِنَ الشَّجَرَةِ فَنَسِيَتْ ذُرِّيَّتُهُ، وَخَطِئَ آدَمُ فَخَطِئَتْ ذُرِّيَّتُهُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَقَالَ: «هَذَا حَدِيثٌ حَسَنٌ صَحِيحٌ».
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: «Алла Тағала Адамды (а.с.) жаратқан соң оның арқасын сипады. Сол кезде Қиямет күніне дейін жаратылатын бүкіл ұрпағы оның арқасынан шықты.
Алла олардың әрқайсысының екі көзінің арасына жарқыраған нұр қойып, бәрін Адамға (а.с.) көрсетті. Адам (а.с.) “Уа, Раббым, бұлар кімдер?” – деп сұрады. Алла “Бұлар – сенің ұрпақтарың”, – деді. Адам солардың бірін көріп, екі көзінің арасындағы нұрына сүйсінді. Ол “Уа, Раббым, мынау кім?” – деп сұрады. Алла “Бұл – сенің ұрпағыңның кейінгі үмбеттерінен шығатын Дәуіт есімді кісі”, – деді. Адам “Раббым, оған қанша ғұмыр бердің?” – деп сұрағанда, Алла “Алпыс жыл”, – деді. Адам “Раббым, менің ғұмырымнан оған қырық жыл қос”, – деп өтінді». Алла елшісі (с.а.с.) сөзін жалғады. «Адамның ғұмырының қырық жылы қалған кезде оған өлім періштесі келді. Адам “Ғұмырымның қырық жылы әлі қалған жоқ па?” – деді. Періште “Оны ұрпағың Дәуітке берген жоқ па едің?” – деп сұрады. Адам оны мойындамады, ұрпағы да мойындамады. Адам ұмытып, ағаштың жемісінен жеді, ұрпағы да ұмытты. Адам қателесті, ұрпағы да қателесті»1.
- 1Тирмизи, «Тәпсір», «Ағраф» (№3076, Жанан басылымында №3078). Тирмизи риуаятты «хасан сахих» деп бағалаған. Жанан келтірген мәтінде кей сөйлем ықшамдалған, ал ағаштан жеу жайы өз нұсқасында бар.