Хадис

Кутуб ситтә, № 4231

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
579. Бәдір шайқасы
Нөмірі
№ 4231 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
4231
Кутуб ситтә, № 4231 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «شَهِدْتُ مِنَ الْمِقْدَادِ بْنِ الْأَسْوَدِ مَشْهَدًا لَأَنْ أَكُونَ صَاحِبَهُ أَحَبُّ إِلَيَّ مِمَّا عُدِلَ بِهِ. أَتَى النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ يَدْعُو عَلَى الْمُشْرِكِينَ يَوْمَ بَدْرٍ. فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّا لَا نَقُولُ كَمَا قَالَ بَنُو إِسْرَائِيلَ: اذْهَبْ أَنْتَ وَرَبُّكَ فَقَاتِلَا إِنَّا هَاهُنَا قَاعِدُونَ، وَلَكِنِ امْضِ وَنَحْنُ مَعَكَ عَنْ يَمِينِكَ وَعَنْ شِمَالِكَ وَبَيْنَ يَدَيْكَ وَخَلْفَكَ فَرَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَشْرَقَ وَجْهُهُ وَسَرَّهُ ذَلِكَ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) былай дейді: «Миқдад ибн әл-Әсуадтың бір сөзіне куә болдым. Оның орнында болып, сол сөзді өзім айтқанды басқа талай құнды істен артық көрер едім. Ол Бәдір күні, Пайғамбар (с.а.с.) мүшріктерге қарсы дұға етіп тұрғанда, жанына келіп: “Уа, Алла елшісі! Біз Бәни Исраилдің Мұсаға айтқанындай, ﴿فَاذْهَبْ أَنْتَ وَرَبُّكَ فَقَاتِلَا إِنَّا هَاهُنَا قَاعِدُونَ﴾ ‘Онда өзің және Раббың екеуің барыңдар да, соғысыңдар. Ал біз осы арада отыра тұрамыз’ демейміз. Алға жүріңіз, біз оңыңызда да, солыңызда да, алдыңызда да, артыңызда да сізбен біргеміз”, – деді. Осыны естіген Алла елшісінің (с.а.с.) жүзі жадырап, қуанғанын көрдім».1

Түсіндірме

Осы тараудағы алғашқы хадиске (№ 4229) берілген түсіндірме бұл риуаяттың да кей тұсын айқындайды.

  1. 1Бұхари, «Мағази», 4, «Тәпсір», «Мәида», 4.