عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ أَعْمَرَ رَجُلًا عُمْرَى هِيَ لَهُ وَلِعَقِبِهِ، فَقَدْ قَطَعَ قَوْلُهُ حَقَّهُ دُونَهَا، وَهِيَ لِمَنْ أُعْمِرَ وَعَقِبِهِ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ. وَفِي أُخْرَى لِلشَّيْخَيْنِ: «قَضَى النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِالْعُمْرَى لِمَنْ وُهِبَتْ لَهُ». وَفِي أُخْرَى: «الْعُمْرَى جَائِزَةٌ». وَلِمُسْلِمٍ: «الْعُمْرَى مِيرَاثٌ لِأَهْلِهَا».
Жәбир (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Кімде-кім біреуге мүлікті өмір бойына сыйлап, оның өзіне және ұрпағына тиесілі екенін айтса, сол сөзімен мүлікке деген өз құқығынан айырылады. Мүлік оны ұмраға алған кісіге және оның ұрпағына тиесілі болады»1. Бұхари мен Мүслимдегі басқа нұсқада: «Пайғамбар (с.а.с.) ұмра жөнінде сый алған кісінің пайдасына үкім шығарды», – делінген.
Тағы бір риуаятта: «Ұмраға рұқсат», – делінген.
Мүслимнің риуаятында: «Ұмра оның иелеріне мирас болып қалады», – делінген.
- 1Бұхари, «Һиба», 32. Мүслим, «Һиба», 21 (№ 1625). «Муатта», «Ақдия», 43 (2/752). Әбу Дәуіт, «Буйуғ», 87–89 (№ 3550–3558). Тирмизи, «Ахкам», 15 (№ 1350). Нәсәи, «Ұмра», 2–4 (6/272–278).