Хадис

Кутуб ситтә, № 4149

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
564. Құл азат етудің артықшылығы
Нөмірі
№ 4149 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4149
Кутуб ситтә, № 4149 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَيُّمَا رَجُلٍ أَعْتَقَ امْرَأً مُسْلِمًا، اسْتَنْقَذَ اللَّهُ تَعَالَى بِكُلِّ عُضْوٍ مِنْهُ عُضْوًا مِنَ النَّارِ». زَادَ فِي رِوَايَةٍ أُخْرَى: «حَتَّى يُعْتِقَ فَرْجَهُ بِفَرْجِهِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Расулалланың (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Кім мұсылман ер кісіні азат етсе, Алла азат етілген кісінің әр мүшесіне сай оны азат еткен кісінің бір мүшесін тозақ отынан құтқарады».

Басқа нұсқада «Тіпті азат етілген кісінің әурет мүшесіне сай оны азат еткен кісінің де әурет мүшесін» деген сөз қосылған.1

  1. 1Бұхари, «Итқ», 1. Мүслим, «Итқ», 24 (№ 1509). Тирмизи, «Нәзірлер» (№ 1541, Ибраһим Жанан басылымында № 1547).