Хадис

Кутуб ситтә, № 4137

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
561. Хадисті жазып алу
Нөмірі
№ 4137 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
4137
Кутуб ситтә, № 4137 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Әбу Сағид

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا تَكْتُبُوا عَنِّي شَيْئًا غَيْرَ الْقُرْآنِ، وَمَنْ كَتَبَ شَيْئًا غَيْرَ الْقُرْآنِ فَلْيَمْحُهُ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ. وَالْإِذْنُ فِي الْكِتَابَةِ نَاسِخٌ لِلْمَنْعِ مِنْهُ بِإِجْمَاعِ الْأُمَّةِ عَلَى جَوَازِهِ وَلَا يَجْتَمِعُونَ إِلَّا عَلَى أَمْرِ صَحِيحٍ، وَقَدْ قِيلَ إِنَّمَا نَهَى أَنْ يُكْتَبَ الْحَدِيثُ مَعَ الْقُرْآنِ فِي صَفْحَةٍ وَاحِدَةٍ فَيَخْتَلِطَ بِهِ فَيَشْتَبِهَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Расулалланың (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Менен Құраннан өзге ештеңе жазып алмаңдар. Кім Құраннан басқа бір нәрсе жазған болса, оны өшірсін».1

Түсіндірме

Бірінші томда (26–27, 33–35-беттер) кеңірек айтылғандай, кей риуаяттарда хадисті жазуға тыйым салынған, кейбірінде оған рұқсат берілген.

Ғалымдар рұқсат берілгенін білдіретін хадистер әуелгі тыйымның күшін жойғанын айтады. Кейбір ғалымдар әуелгі тыйым жазуы нашарларға қатысты болса, жазуды жетік білетіндерге рұқсат берілген деп түсіндірген. Хадис жазуға болатыны жөнінде үмбет ижмағ еткен. Ижмағ тек дұрыс негізге сүйеніп жасалады. Тағы бір түсіндірме бойынша, Расулалла (с.а.с.) Құран мен хадис араласып, қайсысы қайсысы екені белгісіз болып қалмауы үшін оларды бір параққа қатар жазуға тыйым салған.

  1. 1Мүслим, «Зүһд», 72 (№ 3004).