وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ يَوْمَ الْأَحْزَابِ، وَفِي رِوَايَةٍ: يَوْمَ الْخَنْدَقِ: «مَلَأَ اللَّهُ قُبُورَهُمْ وَبُيُوتَهُمْ نَارًا، كَمَا شَغَلُونَا عَنِ الصَّلَاةِ الْوُسْطَى حَتَّى غَابَتِ الشَّمْسُ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ. وَفِي رِوَايَةٍ: «شَغَلُونَا عَنِ الصَّلَاةِ الْوُسْطَى، صَلَاةِ الْعَصْرِ». وَزَادَ فِي أُخْرَى: «ثُمَّ صَلَّاهَا بَيْنَ الْمَغْرِبِ وَالْعِشَاءِ». هَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ.
Әзірет Әли (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Ахзаб күні (бір риуаятта: Хандақ шайқасы күні): “Күн батқанға дейін бізді ортаңғы намаздан қалдырғандары үшін Алла олардың қабірлері мен үйлерін отқа толтырсын!” – деді».
Бір риуаятта: «Бізді ортаңғы намаздан, яғни екінті намазынан қалдырды», – делінген.
Тағы бір риуаятта: «Содан соң Пайғамбар (с.а.с.) оны ақшам мен құптан намазының арасында оқыды», – делінген.1
Түсіндірме
Құран кәрімде маңызы арнайы атап көрсетілген ортаңғы намаздың қай намаз екені жайында түрлі пікір бар. Бұл хадис оның екінті намазы екеніне салмақты дәлел болады. Ғұламалардың басым бөлігі де осы пікірді ұстанған. Дегенмен №497 хадиске дейінгі риуаяттарда өзге уақыттарда оқылатын намаздар да ортаңғы намаз деп аталады. Мұндайда дәлелі ең сенімді риуаятқа сүйену қажет.
- 1Бұхари, «Тәпсір», «Бақара», 42, «Жиһад», 98, «Мағази», 29, «Дағуат», 58. Мүслим, «Мәсәжид», 202–206 (627). Әбу Дәуіт, «Салат», 5 (409). Тирмизи, «Тәпсір», «Бақара» (2984, кей басылымда 2987). Нәсәи, «Салат», 14 (1/236). Ибн Мәжа, «Салат», 6 (684).