Хадис

Кутуб ситтә, № 463

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 463 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 23
463
Кутуб ситтә, № 463 · тараудағы реті: 23Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَنَّهُ قَرَأَ: ﴿فِدْيَةٌ طَعَامُ مَسَاكِينَ﴾، وَقَالَ: هِيَ مَنْسُوخَةٌ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) аяттың «Підия – жарлылардың тамағы» деген тұсын «фидятун тағаму масакин» деп оқып: «Бұл үкімнің күші жойылған», – деген.1

Түсіндірме

№ 459 хадистен кейінгі риуаяттар аяттың үкіміне қатысты. Тәпсір еңбектерінде ғалымдар бұл аятты жан-жақты талдап, түрлі түсінік берген. Сол пікірлердің негізгі түйіні мынадай.

Құран Кәрім алғашқы мұсылмандарға бір ай бойы ораза ұстауға дағдылануы үшін жеңілдік берді. Олар ораза ұстау мен підия берудің бірін таңдай алатын. Өзге риуаяттарда ашық айтылғандай, қалағаны ораза ұстап, қалағаны підия беретін. Кейін түскен уахи осы рұқсаттың күшін жойып, Рамазан оразасын парыз етті. Аят үкімінің күші жойылды ма деген мәселеде ғалымдардың пікірі әртүрлі. Ибн Аббас (р.а.) аяттың үкімі жойылмаған деп есептейді. Оның айтуынша, аятта ораза ұстауға шамасы жетпейтін егде ерлер мен әйелдер меңзелген. Олар ораза ұстай алмаған әр күні үшін бір жарлыны тамақтандырады.

Ғалымдардың басым көпшілігінің пікірінше, аяттың әуелгі үкімі жойылған. Сапарда жүрмеген, шамасы жететін адамға ораза ұстау парыз. Ораза ұстауға шамасы келмейтін қарттар оразадан да, оның қазасын өтеуден де босатылады. Дүние-мүлкі жетсе, ораза ұстай алмаған әр күні үшін бір жарлыны тойдыратындай підия береді. Оларға підия беру уәжіп емес деп есептейтін ғалымдар да бар. Іс жүзінде підия беру қажет дейтін пікір басшылыққа алынады.

  1. 1Бұхари, Тәпсір, «Бақара», 26 (4506).