وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَجِيءُ نُوحٌ وَأُمَّتُهُ، فَيَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى: هَلْ بَلَّغْتَ؟ فَيَقُولُ: نَعَمْ، أَيْ رَبِّ! فَيَقُولُ لِأُمَّتِهِ: هَلْ بَلَّغَكُمْ؟ فَيَقُولُونَ: لَا، مَا جَاءَنَا مِنْ نَبِيٍّ. فَيَقُولُ لِنُوحٍ: مَنْ يَشْهَدُ لَكَ؟ فَيَقُولُ: مُحَمَّدٌ وَأُمَّتُهُ! فَنَشْهَدُ أَنَّهُ قَدْ بَلَّغَ. وَهُوَ قَوْلُهُ: ﴿وَكَذَٰلِكَ جَعَلْنَاكُمْ أُمَّةً وَسَطًا لِتَكُونُوا شُهَدَاءَ عَلَى النَّاسِ﴾ الْآيَةَ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Әбу Сағид (р.а.) жеткізген риуаятта Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Қиямет күні Нұх (а.с.) үмбетімен бірге келеді. Алла тағала одан:
– Дінді жеткіздің бе? – деп сұрайды. Нұх (а.с.):
– Иә, уа, Раббым! – деп жауап береді. Алла тағала бұл жолы оның үмбетінен:
– Нұх (а.с.) сендерге дінді жеткізді ме? – деп сұрайды.
– Жоқ, бізге бірде-бір пайғамбар келген жоқ, – дейді олар. Алла тағала Нұхқа (а.с.):
– Дінді жеткізгеніңе кім куәлік етеді? – дейді. Сонда Нұх (а.с.):
– Мұхаммед (с.а.с.) және оның үмбеті, – дейді. Сонда біз:
– Нұх дінді жеткізді, – деп куәлік етеміз.
Алла тағаланың “Міне, осылайша сендерді адамдарға ақиқатты көрсетсін һәм олардың істеріне куә болсын, сондай-ақ Алла елшісі де сендерге дәл солай куә болсын деп, (төрт аяғын тең басқан үлгілі де қайырлы, сенімі мен әр ісінде әсіре сілтеушілік пен селқостықтан ада) орта үмбет қылдық”1 деген аяты осыны меңзейді».2