وَزَادَ مُسْلِمٌ فِي هَذَا: وَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا قَضَى أَحَدُكُمُ الصَّلَاةَ فِي مَسْجِدِهِ، فَلْيَجْعَلْ لِبَيْتِهِ نَصِيبًا مِنْ صَلَاتِهِ، فَإِنَّ اللَّهَ جَاعِلٌ فِي بَيْتِهِ مِنْ صَلَاتِهِ خَيْرًا».
Мүслимде Жәбирден (р.а.) осы тақырыпта тағы бір риуаят жеткен. Алла елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Араларыңнан кім мешітте намазын оқып бітірсе, намазынан үйіне де үлес қалдырсын. Өйткені Алла сол намаз арқылы оның үйіне қайыр дарытады».1
Түсіндірме
Үйде зікір айтып, ғибадат ету оны қабірге ұқсатпайды. Мұның ең жақсы жолдарының бірі – үйде де намаз оқу. Алла елшісі (с.а.с.) сүннет және нәпіл намаздарды үйде оқуды бұйырған. Үйде оқылған намаздың шарапатымен шаңыраққа қайыр дарып, періштелер келеді, шайтан қашады. Адам ғибадаттың әсерімен бос істерден бойын аулақ ұстап, рухани тыныштық табады.
- 1Мүслим, «Мусафирин», № 778.