عَنْ أَبِي أُمَامَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «اقْرَؤُوا الْقُرْآنَ، فَإِنَّهُ يَأْتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ شَفِيعًا لِأَصْحَابِهِ. اقْرَؤُوا الزَّهْرَاوَيْنِ: الْبَقَرَةَ وَسُورَةَ آلِ عِمْرَانَ، فَإِنَّهُمَا تَأْتِيَانِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ كَأَنَّهُمَا غَمَامَتَانِ، أَوْ كَأَنَّهُمَا غَيَايَتَانِ، أَوْ كَأَنَّهُمَا فِرْقَانِ مِنْ طَيْرٍ صَوَافَّ، تُحَاجَّانِ عَنْ أَصْحَابِهِمَا. اقْرَؤُوا سُورَةَ الْبَقَرَةِ، فَإِنَّ أَخْذَهَا بَرَكَةٌ، وَتَرْكَهَا حَسْرَةٌ، وَلَا تَسْتَطِيعُهَا الْبَطَلَةُ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ. قَالَ مُعَاوِيَةُ: بَلَغَنِي أَنَّ الْبَطَلَةَ السَّحَرَةُ. وَزَادَ فِي رِوَايَةٍ: «مَا مِنْ عَبْدٍ يَقْرَأُ بِهَا فِي رَكْعَةٍ قَبْلَ أَنْ يَسْجُدَ، ثُمَّ يَسْأَلُ اللَّهَ تَعَالَى حَاجَةً، إِلَّا أَعْطَاهُ. إِنْ كَادَتْ لَتَسْتَحْصِي الْقُرْآنَ كُلَّهُ».
Әбу Умама (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естідім: “Құранды оқыңдар. Өйткені ол қиямет күні өзін ұстанғандарға шапағат етуге келеді. Қос нұрлы сүрені – ‘Бақара’ мен ‘Әли Имранды’ оқыңдар. Олар қиямет күні қос бұлттай, не қос саядай, не сап түзеген екі топ құстай келіп, өздерін ұстанғандарды жақтайды. ‘Бақара’ сүресін оқыңдар. Оны ұстану – береке, ал одан қол үзу – өкініш. Сиқыршылардың оны меңгеруге шамасы жетпейді”».
Басқа бір риуаятта мына сөздер қосылған: «Құл бір рәкатта сәждеге бармай тұрып осы сүрені оқып, содан соң Алладан қажетін сұраса, Алла сұрағанын береді. Бұл сүре Құранды түгелге жуық қамтиды».1
«الْغَيَايَةُ»: كُلُّ شَيْءٍ أَظَلَّ الْإِنْسَانَ فَوْقَ رَأْسِهِ كَالسَّحَابَةِ وَغَيْرِهَا.
- 1Негізгі хадис Мүслимнің «Мусафирин» бөлімінде (№ 804) келтірілген. Қосымша сөздер Ибн әд-Дәйбағтың «Тәйсирул-усул» еңбегінде (1-том, 90-бет) келтірілген, «Сахих Мүслимнің» кең тараған басылымдарында кездеспейді.