وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أُتِيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِلَحْمٍ فَرُفِعَ إِلَيْهِ الذِّرَاعُ، وَكَانَتْ تُعْجِبُهُ فَنَهَشَ مِنْهَا». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ. «النَّهْشُ» بِمُهْمَلَةٍ وَمُعْجَمَةٍ: الْأَكْلُ بِمُقَدَّمِ الْأَسْنَانِ، وَقِيلَ أَنَّهُ بِالْمُعْجَمَةِ: الْأَكْلُ بِالْأَضْرَاسِ.
Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісіне (с.а.с.) ет әкелініп, қойдың қол еті ұсынылды. Ол қол етті ұнататын, сондықтан одан тістеп жеді».1
Түсіндірме
Қойдың қол еті жайлы сөздікте алдыңғы аяқтың шынтақтан ортаңғы бақайға дейінгі бөлігі деп көрсетіледі. Хадис Алла елшісінің (с.а.с.) осы етті ұнатқанын білдіреді.
Имам Нәуәуи Алла елшісінің (с.а.с.) қол етін жақсы көруін оның тез пісіп, жеңіл қорытылуымен түсіндіреді. Ал оны тістеп жеуін кішіпейілдіктің белгісі деп түсінген. Тістеп жеудің денсаулыққа пайдасы бар деген де пікір айтылған.
- 1Тирмизи, «Атғима», 34 (№1838). Ибн Мәжа, «Атғима», 28 (№3307). Бұхари, «Әнбия», 3, «Тәпсір», «Исра», 5. Мүслим, «Иман», 327.