Хадис

Кутуб ситтә, № 427

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
52. № 412–436 хадистер
Нөмірі
№ 427 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 16
427
Кутуб ситтә, № 427 · тараудағы реті: 16Риуаят етуші: Усәйд ибн Худайр

وَعَنْ أُسَيْدِ بْنِ حُضَيْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَيْنَمَا هُوَ يَقْرَأُ مِنَ اللَّيْلِ سُورَةَ الْبَقَرَةِ وَفَرَسُهُ مَرْبُوطَةٌ عِنْدَهُ إذْ جَالَتِ الْفَرَسُ فَسَكَتَ فَسَكَتَتْ، فَقَرَأَ: فجَالَتْ الْفَرَسُ فَسَكَتَ وَسَكَتَتِ الْفَرَسُ. ثُمَّ قَرَأَ فَجَالَتْ، وَكَانَ ابْنُهُ يَحْيَى قَرِيبًا مِنْهَا فانْصَرَفَ فَأَخَّرَهُ؛ ثُمَّ رَفَعَ رَأْسَهُ إِلَى السَّمَاءِ فَإِذَا مِثْلُ الظُّلَّةِ فِيهَا أَمْثَالُ الْمَصَابِيحِ فَلَمَّا أَصْبَحَ حَدَّثَ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: وَتَدْرِي مَا ذَاكَ؟ قَالَ لَا. قَالَ: تِلْكَ الْمَلَائِكَةُ دَنَتْ لِصَوْتِكَ، وَلَوْ قَرَأْتَ لَأَصْبَحَتْ يَنْظُرُ إِلَيْهَا النَّاسُ لَا تَتَوَارَى مِنْهُمْ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَلِمُسْلِمٍ عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ بِمَعْنَاهُ.

Қазақша аудармасы

Усәйд ибн Худайр (р.а.) бір түні «Бақара» сүресін оқып отырғанда, жанында байлаулы тұрған аты тыпырши бастайды. Ол оқуын тоқтатқанда, ат та тынышталады. Қайта оқығанда, аты тағы тыпыршиды. Ол оқуын тоқтатып еді, ат та басылды. Үшінші рет оқи бастағанда, аты қайта тыпырши жөнелді. Атқа жақын тұрған ұлы Яхияны әрірек алып кетеді. Содан кейін көкке қараса, ішінде шам тәрізді жарықтары бар көлеңкеге ұқсас бір нәрсені көреді. Таңертең болған жайды Алла елшісіне (с.а.с.) баяндайды. Ол: «Оның не екенін білесің бе?» – деп сұрайды. Усәйд: «Жоқ», – дейді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): «Олар даусыңды естіп жақындаған періштелер еді. Оқуды жалғастырғаныңда, таңертең адамдар оларды көрер еді. Олар жұрт көзінен тасаланбас еді», – дейді.1

  1. 1Бұхари, Фәдаилул-Құран: 15; Мүслим, Mүсәфирин: 242, (796).