Хадис

№ 412–436 хадистер

Кутуб ситтә, 2-том, 52-тарау · 25 хадис · № 412–436

САУДА-САТТЫҚ (БӘЙҒ) БӨЛІМІ

Хадистер

412
Кутуб ситтә, № 412 · тараудағы реті: 1

عَنِ الْحَارِثِ الْأَعْوَرِ قَالَ: «مَرَرْتُ فِي الْمَسْجِدِ فَإِذَا النَّاسُ يَخُوضُونَ فِي الْأَحَادِيثِ فَدَخَلْتُ عَلَى عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَأَخْبَرْتُهُ. فَقُلْتُ: يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ، أَلَا تَرَى أَنَّ النَّاسَ قَدْ خَاضُوا فِي الْأَحَادِيثِ؟ فَقَالَ: أَوَقَدْ فَعَلُوهَا؟ قُلْتُ نَعَمْ. قَالَ أَمَا إِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: أَلَا إِنَّهَا سَتَكُونُ فِتْنَةٌ. قُلْتُ: فَمَا الْمَخْرَجُ مِنْهَا يَا رَسُولَ اللَّهُ؟ قَالَ: “كِتَابُ اللَّهِ تَعَالَى فِيهِ نَبَأُ مَا كَانَ قَبْلَكُمْ وَخَبَرُ مَا بَعْدَكُمْ وَحُكْمُ مَا بَيْنَكُمْ. هُوَ الْفَصْلُ لَيْسَ بِالْهَزْلِ. مَنْ تَرَكَهُ مِنْ جَبَّارٍ قَصَمَهُ اللَّهُ تَعَالَى. وَمَنِ ابْتَغَى الْهُدَى فِي غَيْرِهِ أضَلَّهُ اللَّهُ تَعَالَى. وهُوَ حَبْلُ اللَّهِ الْمَتِينُ، وَهُوَ الذِّكْرُ الْحَكِيمُ، وَهُوَ الصِّرَاطُ الْمُسْتَقِيمُ، وَهُوَ الَّذِي لَا تَزِيغُ بِهِ الْأَهْوَاءُ، وَلَا تَلْتَبِسُ بِهِ الْأَلْسِنَةُ، وَلَا يَشْبَعُ مِنْهُ الْعُلَمَاءُ، وَ لَا يَخْلُقُ عَلَى كَثْرَةِ الرَّدِّ، وَلَا تَنْقَضِي عَجَائِبُهُ، وَهُوَ الَّذِي لَمْ تَنْتَهِ الْجِنُّ إِذْ سَمِعَتْهُ حَتَّى قَالُوا: ﴿إِنَّا سَمِعْنَا قُرْآنًا عَجَبًا ۝ يَهْدِي إِلَى الرُّشْدِ فَآمَنَّا بِهِ﴾. مَنْ قَالَ بِهِ صَدَقَ، وَمَنْ عَمِلَ بِهِ أُجِرَ، وَمَنْ حَكَمَ بِهِ عَدَلَ، وَمَنْ دُعِيَ إِلَيْهِ هُدِيَ إِلَى صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ”. خُذْهَا إِلَيْكَ يَا أَعْوَرُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Харис әл-Ағуар былай дейді: «Мешітке соқсам, жұрт әңгімеге беріліп отыр екен. Әлиге (р.а.) барып, болған жайды айттым. “Уа, мүміндердің әміршісі! Жұрттың әңгімеге беріліп отырғанын көрмейсіз бе?” – дедім. Ол:

– “Расында да солай істеді ме?” – деп сұрады. Мен:

– “Иә”, – деп жауап бердім. Ол былай деді:

– “Мен Алла елшісінің (с.а.с.) ‘Біліп қойыңдар, бір бүлік туады’ дегенін естідім. ‘Уа, Алланың елшісі! Одан құтылар жол қандай?’ – деп сұрадым”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.) былай деп жауап берген: “Алланың Кітабы. Онда сендерден бұрын болған оқиғалар мен сендерден кейін болатын істердің хабары, араларыңдағы даулардың үкімі бар. Ол – ақиқат пен жалғанды ажырататын сөз, бос сөз емес. Қай озбыр оны тәрк етсе, Алла оны құрдымға жібереді. Кім тура жолды одан өзге жерден іздесе, Алла оны адастырады. Ол – Алланың берік жібі, хикметке толы зікір, тұп-тура жол. Оған сүйенгеннің қалауы адаспайды, тілі жаңылыспайды. Ғалымдар оған тоймайды. Қайта-қайта оқығаннан ол көнермейді, ғажайыптары сарқылмайды. Жындар оны естігенде ‘Расында, біз ғажайып Құран естідік. Ол тура жолға бастайды. Біз оған иман келтірдік’ демей тұра алмады.1 Кім Құранға сүйеніп сөйлесе, шындықты айтады. Кім соған сай амал етсе, сауап алады. Кім соған сүйеніп үкім берсе, әділдік етеді. Кім соған шақырылса, тура жолға басталады”. Содан соң Әли: “Уа, Ағуар, осы сөздерді көңіліңе түй”, – деді».2

  1. 1«Жын» сүресі, 1–2-аяттар.
  2. 2Тирмизи, Сауабул-Құран: 14 (2906, Жанан басылымында 2908). Тирмизи бұл хадисті «ғариб» деп атаған, иснадының белгісіз екенін айтқан.
413
Кутуб ситтә, № 413 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: مَا اجْتَمَعَ قَوْمٌ فِي بَيْتٍ مِنْ بُيُوتِ اللَّهِ تَعَالَى يَتْلُونَ كِتَابَ اللَّهِ وَيَتَدَارَسُونَهُ بَيْنَهُمْ إِلَّا نَزَلَتْ عَلَيْهِمُ السَّكِينَةُ، وَغَشِيَتْهُمُ الرَّحْمَةُ، وَحَفَّتْهُمُ الْمَلَائِكَةُ، وَذَكَرَهُمُ اللَّهُ فِيمَنْ عِنْدَهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Бір топ адам Алланың үйлерінің бірінде жиналып, Алланың Кітабын оқып, өзара зерделесе, оларға жан тыныштығы орнайды, олар рақымға бөленеді, періштелер оларды қоршап алады және Алла оларды Өз құзырындағылардың арасында еске алады».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат: 349, 1455. Тирмизи, Қырағат: 3 (2945, Жанан басылымында 2946). Мүслим, Зикр: 38, 2699. Ибн Мәжа, Муқаддима: 17, 225.
414
Кутуб ситтә, № 414 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: أَيُحِبُّ أَحَدُكُمْ إِذَا رَجَعَ إِلَى أَهْلِهِ أَنْ يَجِدَ ثَلَاثَ خَلِفَاتٍ عِظَامٍ سِمَانٍ؟ قُلْنَا: نَعَمْ. قَالَ: فَثَلَاثُ آيَاتٍ يَقْرَأُ بِهِنَّ أَحَدُكُمْ فِي صَلَاتِهِ خَيْرٌ لَهُ مِنْ ثَلَاثِ خَلِفَاتٍ عِظَامٍ سِمَانٍ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Араларыңда үйіне оралғанда үш ірі, семіз буаз түйе тапқысы келетін кісі бар ма?” – деп сұрады. Біз: “Иә”, – дедік. Ол: “Намазда оқыған үш аят әрқайсыңа үш ірі, семіз буаз түйеден қайырлы”, – деді».1

  1. 1Мүслим, Салатул-мүсафирин: 250 (802).
415
Кутуб ситтә, № 415 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Уқба ибн Амир

وَعَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَرَجَ النَّبِيُّ ﷺ وَنَحْنُ فِي الصُّفَّةِ فَقَالَ: أَيُّكُمْ يُحِبُّ أَنْ يَغْدُوَ كُلَّ يَوْمٍ إِلَى بُطْحَانَ، أَوْ قَالَ إِلَى الْعَقِيقِ فَيَأْتِي بِنَاقَتَيْنِ كَوْمَاوَيْنِ فِي غَيْرِ إِثْمٍ وَلَا قَطِيعَةِ رَحِمٍ؟ قُلْنَا: كُلُّنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ يُحِبُّ ذَلِكَ. قَالَ: أَفَلَا يَغْدُو أَحَدُكُمْ إِلَى الْمَسْجِدِ فَيَتَعَلَّمَ أَوْ يَقْرَأَ آيَتَيْنِ مِنْ كِتَابِ اللَّهِ تَعَالَى فَهُوَ خَيْرٌ لَهُ مِنْ نَاقَتَيْنِ، وَثَلَاثٌ خَيْرٌ لَهُ مِنْ ثَلَاثٍ، وَأَرْبَعٌ خَيْرٌ لَهُ مِنْ أَرْبَعٍ وَمِنْ أَعْدَادِهِنَّ مِنَ الْاِبِلِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وأَبُو دَاوُدُ.

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.) былай дейді: «Біз Суффада отырғанымызда, Алла елшісі (с.а.с.) шығып: “Араларыңда күн сайын таңертең Бутханға немесе Ақиққа барып, күнәға батпай, туыстық байланысты үзбей, өркеші үлкен екі түйе алып келгісі келетіндерің бар ма?” – деп сұрады. Біз: “Уа, Алланың елшісі, мұны бәріміз де қалаймыз”, – дедік. Сонда ол: “Араларыңдағы біреу таңертең мешітке барып, Алланың кітабынан екі аят үйренсе немесе оқыса, бұл оған екі түйеден қайырлы. Үш аят – үш түйеден, төрт аят – төрт түйеден, оқыған аяты қанша болса, сонша түйеден қайырлы”, – деді».1

  1. 1Мүслим, Салатул-мусафирин: 251; Әбу Дәуіт, Салат: 349, 1456 H.
416
Кутуб ситтә, № 416 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: مَنْ قَرَأَ حَرْفًا مِنْ كِتَابِ اللَّهِ تَعَالَى فَلَهُ بِهِ حَسَنَةٌ، وَالْحَسَنَةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا. لَا أَقُولُ «الم» حَرْفٌ، وَلَكِنْ أَقُولُ: أَلِفٌ حَرْفٌ، وَلَامٌ حَرْفٌ، وَمِيمٌ حَرْفٌ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَصَحَّحَهُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін естідім: “Кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса, сол үшін оған бір жақсылық жазылады. Бір жақсылықтың сауабы он есе беріледі. ‘Әлиф-ләм-мим’ бір әріп демеймін. Әлиф – бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп”».1

  1. 1Тирмизи, «Құранның артықшылығы», 16 (№2910, Жанан басылымында №2912).
417
Кутуб ситтә, № 417 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. «أَنَّ رَسُولَ اللَّهُ ﷺ قَالَ: مَا أَذِنَ اللَّهُ تَعَالَى لِشَيْءٍ مَا أَذِنَ لِنَبِيٍّ يَتَغَنَّى بِالْقُرْآنِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا التِّرْمِذِي.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Алла Құранды әуезді дауыспен оқыған пайғамбарға құлақ салғандай еш нәрсеге құлақ салмаған», – деген.1

  1. 1Бұхари, Тәухид: 32, 52, Фәдаилул-Құран: 19; Мүслим, Mүсәфирин: 232, 233, 234, Әбу Дәуіт, Уитр: 20; Тирмизи, Сауабул-Құран: 17; Нәсәи, Ифтитах: 83; Ибн Мәжа, Иқамет: 176, (1340)
418
Кутуб ситтә, № 418 · тараудағы реті: 7

وَفِي أُخْرَى لِلْبُخَارِي: «لَيْسَ مِنَّا مَنْ لَمْ يَتَغَنَّ بِالْقُرْآنِ». وَفِي زِيَادَةٍ: «يَجْهَرُ بِهِ».

Қазақша аудармасы

Бұхаридің бір риуаятында Алла елшісі (с.а.с.): «Құранды әуезді дауыспен оқымаған адам бізден емес», – деген. Бір нұсқада «дауыстап оқиды» деген сөз қосылған.1

  1. 1Бұхари, Тәухид: 32, 44.
419
Кутуб ситтә, № 419 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Әбу Умама

وَعَنْ أَبِي أُمَامَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهُ ﷺ يَقُولُ: مَا أَذِنَ اللَّهُ تَعَالَى لِشَيْءٍ مَا أَذِنَ لِعَبْدٍ يَقْرَأُ الْقُرْآنَ فِي جَوْفِ اللَّيْلِ، وَإِنَّ الْبِرَّ لَيُذَرُّ عَلَى رَأْسِ الْعَبْدِ مَا دَامَ فِي مُصَلَّاهُ، وَمَا تَقَرَّبَ الْعِبَادُ إِلَى اللَّهِ تَعَالَى بِمِثْلِ مَا خَرَجَ مِنْهُ». قَالَ أَبُو النَّضْرِ: يَعْنِي الْقُرْآنَ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Умама (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін естідім: “Алла түн ортасында Құран оқыған құлға құлақ салғандай еш нәрсеге құлақ салмайды. Құл намазда тұрған кезде басына игілік жауады. Құлдар Аллаға Одан шыққан сөзден артық еш нәрсемен жақындаған емес”».

Әбун-Надр «Одан шыққан сөз» дегеннің Құран екенін түсіндірген. Тирмизидің нұсқасында: «Алла құлының екі рәкат намазына құлақ салғандай еш нәрсеге құлақ салмайды», – делінген.1

  1. 1Тирмизи, Сауабул-Құран: 17. (№2911, Жанан басылымында №2913).
420
Кутуб ситтә, № 420 · тараудағы реті: 9Риуаят етуші: Уқба ибн Амир

وَعَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: الْجَاهِرُ بِالْقُرْآنِ كَالْجَاهِرِ بِالصَّدَقَةِ، وَالْمُسِرُّ بِالْقُرْآنِ كَالْمُسِرِّ بِالصَّدَقَةِ». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін естідім: “Құранды дауыстап оқыған кісі садақасын жария берген адамға, ал Құранды іштей оқыған кісі садақасын жасырын берген адамға ұқсайды”».1

  1. 1Тирмизи, Сауабул-Құран: 20, 2920; Әбу Дәуіт, Салат: 315, 1333; Нәсәи, Зекет: 68.
421
Кутуб ситтә, № 421 · тараудағы реті: 10Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَجُلٌ يَا رَسُولَ اللَّهِ: أَىُّ الْاَعْمَالِ أَحَبُّ إِلَى اللَّهِ تَعَالَى؟ قَالَ: الْحَالُّ الْمُرْتَحِلُ. قَالَ: وَمَا الْحَالُّ الْمُرْتَحِلُ؟ قَالَ: الَّذِي يَضْرِبُ مِنْ أَوَّلِ الْقُرْآنِ إِلَى آخِرِهِ. كُلَّمَا حَلَّ ارْتَحَلَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.анһума) былай дейді: «Бір кісі: “Уа, Алланың елшісі, Аллаға ең сүйікті амал қайсы?” – деп сұрады. Алла елшісі (с.а.с.): “Аялдай сала қайта жолға шыққан жолаушының амалы”, – деді. Әлгі кісі: “Аялдай сала қайта жолға шығу деген не?” – деп сұрады. Ол: “Құранды басынан аяғына дейін оқып, аяқтаған сайын қайтадан басынан бастау”, – деді».1

  1. 1Тирмизи, Қыраат: 4, №2948 (Жанан басылымында №2949).
422
Кутуб ситтә, № 422 · тараудағы реті: 11Риуаят етуші: Әбу Сағид

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: يَقُولُ اللَّهُ تَبَارَكَ وَتَعَالَى: مَنْ شَغَلَهُ الْقُرْآنُ عَنْ ذِكْرِي وَمَسْأَلَتِي أَعْطَيْتُهُ أَفْضَلَ مَا أُعْطِي السَّائِلِينَ. وَفَضْلُ كَلَامِ اللَّهِ عَلَى سَائِرِ الْكَلَامِ كَفَضْلِ اللَّهِ عَلَى خَلْقِهِ». أَخْرَجَهُمَا التِّرْمِذِي.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) Алла Тағаланың мына сөзін жеткізген: «Кім Құранмен айналысып, Мені еске алуға және Менен тілеуге мұршасы келмесе, оған тілек тілегендерге бергенімнен артығын беремін. Алланың сөзінің өзге сөздерден артықшылығы – Алланың Өз жаратылыстарынан артықшылығындай».1

  1. 1Тирмизи, Сауабул-Құран: 25, №2926 (Жанан басылымында №2927).
423
Кутуб ситтә, № 423 · тараудағы реті: 12

وَعَنْ سَهْلِ بْنِ مُعَاذٍ الْجُهَنِيِّ عَنْ أَبِيهِ، «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: مَنْ قَرَأَ الْقُرْآنَ وَعَمِلَ بِمَا فِيهِ أُلْبِسَ وَالِدَاهُ تَاجًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ، ضَوْؤُهُ أَحْسَنُ مِنْ ضَوْءِ الشَّمْسِ فِي بُيُوتِ الدُّنْيَا لَوْ كَانَتْ فِيكُمْ، فَمَا ظَنُّكُمْ بِالَّذِي عَمِلَ بِهَذَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدُ.

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Муаз әл-Жуһани әкесінен мына хадисті жеткізген. Алла елшісі (с.а.с.): «Кім Құран оқып, ондағы үкімдерге сай амал етсе, қиямет күні ата-анасына тәж кигізіледі. Күн араларыңда болып, дүниедегі үйлеріңе сәуле түсірсе де, ол тәждің нұры одан көркем болар еді. Ендеше, Құранға сай амал еткен адамның өзі туралы не ойлайсыңдар?» – деген.1

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат: 349, 1453 H.
424
Кутуб ситтә, № 424 · тараудағы реті: 13Риуаят етуші: Әли

وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ قَرَأَ الْقُرْآنَ فَاسْتَظْهَرَهُ فَأَحَلَّ حَلَالَهُ وَحَرَّمَ حَرَامَهُ أَدْخَلَهُ اللَّهُ تَعَالَى بِهِ الْجَنَّةَ، وَشَفَّعَهُ فِي عَشَرَةٍ مِنْ أَهْلِ بَيْتِهِ كُلُّهُمْ قَدْ وَجَبَتْ لَهُ النَّارُ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Кім Құран оқып, оны жаттаса, адал еткенін адал, арам еткенін арам деп білсе, Алла оны Құранның шарапатымен жәннатқа кіргізеді. Сондай-ақ оған өз үй-ішінен тозаққа лайық болған он адамға шапағат етуге рұқсат береді», – деген.1

  1. 1Тирмизи, Сауабул-Құран: 13, №2905 (Жанан басылымында №2907).
425
Кутуб ситтә, № 425 · тараудағы реті: 14

وَعَنْ عَبْدِاللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: يُقَالُ لِصَاحِبِ الْقُرْآنِ: اقْرَأْ وَارْتَقِ وَرَتِّلْ كَمَا كُنْتَ تُرَتِّلُ فِي الدُّنْيَا، فَإِنَّ مَنْزِلَتَكَ عِنْدَ آخِرِ آيَةٍ تَقْرَؤُهَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.анһума) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Құранды серік еткен адамға “Оқы да, жоғарылай бер. Дүниеде қалай байыппен оқысаң, солай оқы. Дәрежең оқитын соңғы аятыңа сай болады”, – делінеді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Уитр: 20, 1464; Тирмизи, Сауабул-Құран: 18, №2914 (Жанан басылымында №2915); Ибн Мәжа, Әдеп: 52, 3780 H.
426
Кутуб ситтә, № 426 · тараудағы реті: 15Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: اَلْمَاهِرُ بِالْقُرْآنِ مَعَ السَّفَرَةِ الْكِرَامِ الْبَرَرَةِ، وَالَّذِي يَقْرَأُ الْقُرْآنَ وَيَتَتَعْتَعُ فِيهِ وَهُوَ عَلَيْهِ شَاقٌّ لَهُ أَجْرَانِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Құран оқуда шебер адам ардақты да ізгі Сәфара періштелерімен бірге болады. Ал оны кібіртіктеп, қиналып оқыған адамға екі сауап беріледі», – деген.1

  1. 1Бұхари, Тәухид: 52; Мүслим, Мусафирун: 244; Әбу Дәуіт, Уитр: 14, (1454); Тирмизи, Сауабул-Құран: 13 (2906); Ибн Мәжа, Әдеп: 52, (3779).
427
Кутуб ситтә, № 427 · тараудағы реті: 16Риуаят етуші: Усәйд ибн Худайр

وَعَنْ أُسَيْدِ بْنِ حُضَيْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَيْنَمَا هُوَ يَقْرَأُ مِنَ اللَّيْلِ سُورَةَ الْبَقَرَةِ وَفَرَسُهُ مَرْبُوطَةٌ عِنْدَهُ إذْ جَالَتِ الْفَرَسُ فَسَكَتَ فَسَكَتَتْ، فَقَرَأَ: فجَالَتْ الْفَرَسُ فَسَكَتَ وَسَكَتَتِ الْفَرَسُ. ثُمَّ قَرَأَ فَجَالَتْ، وَكَانَ ابْنُهُ يَحْيَى قَرِيبًا مِنْهَا فانْصَرَفَ فَأَخَّرَهُ؛ ثُمَّ رَفَعَ رَأْسَهُ إِلَى السَّمَاءِ فَإِذَا مِثْلُ الظُّلَّةِ فِيهَا أَمْثَالُ الْمَصَابِيحِ فَلَمَّا أَصْبَحَ حَدَّثَ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: وَتَدْرِي مَا ذَاكَ؟ قَالَ لَا. قَالَ: تِلْكَ الْمَلَائِكَةُ دَنَتْ لِصَوْتِكَ، وَلَوْ قَرَأْتَ لَأَصْبَحَتْ يَنْظُرُ إِلَيْهَا النَّاسُ لَا تَتَوَارَى مِنْهُمْ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَلِمُسْلِمٍ عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ بِمَعْنَاهُ.

Қазақша аудармасы

Усәйд ибн Худайр (р.а.) бір түні «Бақара» сүресін оқып отырғанда, жанында байлаулы тұрған аты тыпырши бастайды. Ол оқуын тоқтатқанда, ат та тынышталады. Қайта оқығанда, аты тағы тыпыршиды. Ол оқуын тоқтатып еді, ат та басылды. Үшінші рет оқи бастағанда, аты қайта тыпырши жөнелді. Атқа жақын тұрған ұлы Яхияны әрірек алып кетеді. Содан кейін көкке қараса, ішінде шам тәрізді жарықтары бар көлеңкеге ұқсас бір нәрсені көреді. Таңертең болған жайды Алла елшісіне (с.а.с.) баяндайды. Ол: «Оның не екенін білесің бе?» – деп сұрайды. Усәйд: «Жоқ», – дейді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): «Олар даусыңды естіп жақындаған періштелер еді. Оқуды жалғастырғаныңда, таңертең адамдар оларды көрер еді. Олар жұрт көзінен тасаланбас еді», – дейді.1

  1. 1Бұхари, Фәдаилул-Құран: 15; Мүслим, Mүсәфирин: 242, (796).
428
Кутуб ситтә, № 428 · тараудағы реті: 17Риуаят етуші: Бәра

وَعَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَجُلٌ يَقْرَأُ سُورَةَ الْكَهْفِ وَعِنْدَهُ فَرَسٌ مَرْبُوطَةٌ بِشَطَنَيْنِ فَتَغَشَّتْهُ سَحَابَةٌ فَجَعَلَتْ تَدْنُو وَجَعَلَ فَرَسُهُ يَنْفُرُ مِنْهَا، فَلَمَّا أَصْبَحَ أَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَذَكَرَ لَهُ ذَلِكَ فَقَالَ: تِلْكَ السَّكِينَةُ تَنَزَّلَتْ لِلْقُرْآنَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әл-Бәра (р.а.) былай дейді: «Бір кісі “Кәһф” сүресін оқып отырды. Жанында екі арқанмен байланған аты тұрды. Оны бұлт қаптап, барған сайын жақындай түсті. Аты одан үркіп, тыпырши жөнелді. Таң атқанда әлгі кісі Алла елшісіне (с.а.с.) барып, болған жайды айтты. Алла елшісі (с.а.с.): “Ол – Құран оқылғанда түскен сәкина”, – деді».1

  1. 1Бұхари, Фәдаилул-Құран: 11; Мүслим, Мүсәфирин: 240, 241, (795); Тирмизи, Сауабул-Құран: 6, №2885 (Жанан басылымында №2887).
429
Кутуб ситтә, № 429 · тараудағы реті: 18Риуаят етуші: Әбу Мұса

وَعَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَثَلُ الْمُؤْمِنِ الَّذِي يَقْرَأُ الْقُرْآنَ مَثَلُ الْأُتْرُجَّةِ: رِيحُهَا طَيِّبٌ وَطَعْمُهَا طَيِّبٌ، وَمَثَلُ الْمُؤْمِنِ الَّذِي لَا يَقْرَأُ الْقُرْآنَ مَثَلُ التَّمْرَةِ طَعْمُهَا طَيِّبٌ وَلَا رِيحَ لَهَا، وَمَثَلُ الْفَاجِرِ الَّذِي يَقْرَأُ الْقُرْآنَ كَمَثَلِ الرَّيْحَانَةِ رِيحُهَا طَيِّبٌ وَطَعْمُهَا مُرٌّ، وَمَثَلُ الْفَاجِرِ الَّذِي لَا يَقْرَأُ الْقُرْآنَ كَمَثَلِ الْحَنْظَلَةِ طَعْمُهَا مُرٌّ وَلَا رِيحَ لَهَا». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Құран оқитын мүмін цитрон жемісіне ұқсайды. Иісі хош, дәмі жағымды. Құран оқымайтын мүмін құрмаға ұқсайды. Дәмі жағымды, иісі жоқ. Құран оқитын күнәһар райханға ұқсайды. Иісі хош, дәмі ащы. Құран оқымайтын күнәһар ащы қарбызға ұқсайды. Дәмі ащы, иісі жоқ».1

  1. 1Бұхари, Әтимә: 30, Фәдәилул-Құран: 17, 36, Тәухид: 57; Мүслим, Mүсәфирин: 243; Әбу Дәуіт, Әдеп: 19, 4329; Тирмизи, Әдеп: 79; Нәсәи, Иман: 32; Ибн Мәжа, Муқаддима: 16, 214 H.
430
Кутуб ситтә, № 430 · тараудағы реті: 19Риуаят етуші: Осман

وَعَنْ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: خَيْرُكُمْ مَنْ تَعَلَّمَ الْقُرْآنَ وَعَلَّمَهُ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ، وأَبُو دَاوُدُ، وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Осман (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендерің», – деген.1

  1. 1Бұхари, Фәдәилул-Құран: 21; Тирмизи, Фәдәилул-Құран: 15, №2907 (Жанан басылымында №2909); Әбу Дәуіт, Салат: 349, 1452 Ибн Мәжа, Муқаддима: 16,211.
431
Кутуб ситтә, № 431 · тараудағы реті: 20Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا. أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الَّذِي لَيْسَ فِي جَوْفِهِ شَىْءٌ مِنَ الْقُرْآنِ كَالْبَيْتِ الْخَرِبِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَصَحَّحَهُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.анһума) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Көкірегінде Құраннан ештеңе жоқ адам қираған үйге ұқсайды», – деген.1

  1. 1Тирмизи, Сауабул-Құран: 18, №2913 (Жанан басылымында №2914). Тирмизи бұл хадистің сахих екенін айтқан.
432
Кутуб ситтә, № 432 · тараудағы реті: 21Риуаят етуші: Сағд ибн Убада

وَعَنْ سَعْدِ بْنِ عُبَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَا مِنِ امْرِئٍ يَقْرَأُ الْقُرْآنَ ثُمَّ يَنْسَاهُ إِلَّا لَقِيَ اللَّهَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَجْذَمَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدُ.

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Убада (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Кім Құранды оқып жүріп, кейін оны ұмытса, қиямет күні Аллаға алапес күйінде жолығады», – деген.1

  1. 1Әбу Дәуіт, Уитр: 21, 1474. H.
433
Кутуб ситтә, № 433 · тараудағы реті: 22Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ. أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «عُرِضَتْ عَلَىَّ أُجُورُ اُمَّتِي حَتَّى الْقَذَاةُ يُخْرِجُهَا الرَّجُلُ مِنَ الْمَسْجِدِ، وَعُرِضَتْ عَلَىَّ ذُنُوبُ أُمَّتِي فَلَمْ أَرَ فِيهَا ذَنْبًا أَعْظَمَ مِنْ سُورَةٍ مِنَ الْقُرْآنِ أَوْ آيَةٍ أُوتِيَهَا رَجُلٌ ثُمَّ نَسِيَهَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدُ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Маған үмбетімнің амалдарының сауабы көрсетілді. Тіпті мешіттен кішкентай қоқымды алып тастаған адамның сауабы да көрсетілді. Маған үмбетімнің күнәлары да көрсетілді. Солардың ішінен үйренген сүресін не аятын кейін ұмытқан адамның күнәсінен үлкен күнә көрмедім».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат: 16, 461. H; Тирмизи, Сауабул-Құран: 19, №2916 (Жанан басылымында №2917).
434
Кутуб ситтә, № 434 · тараудағы реті: 23Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн

وَعَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا. «أَنَّهُ مَرَّ عَلَى قَارِئٍ يَقْرَأُ الْقُرْآنَ ثُمَّ يَسْأَلُ النَّاسَ بِهِ فَاسْتَرْجَعَ، وَقَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: مَنْ قَرَأَ الْقُرْآنَ فَلْيَسْأَلِ اللَّهَ تَعَالَى فَإِنَّهُ سَيَجِئُ أَقْوَامٌ يَقْرَؤُونَ الْقُرْآنَ وَيَسْأَلُونَ بِهِ النَّاسَ».

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хусайн (р.анһума) Құран оқып, сол арқылы жұрттан дүние сұрап отырған бір кісінің жанынан өтті. Сонда ол «Инна лиллаһи уә инна иләйһи ражиғун» деп, артынша: «Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін естідім: “Кім Құран оқыса, тілегін Алладан тілесін. Құран оқып, сол арқылы адамдардан дүние сұрайтын қауымдар келеді”», – деді.1

  1. 1Тирмизи, Сауабул-Құран: 20, №2917 (Жанан басылымында №2918).
435
Кутуб ситтә, № 435 · тараудағы реті: 24Риуаят етуші: Суһайб

وَعَنْ صُهَيْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا آمَنَ بِالْقُرْآنِ مَنِ اسْتَحَلَّ مَحَارِمَهُ». أَخْرَجَهُمَا التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Суһайб (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Құран арам еткенді адал санаған адам Құранға иман келтірген жоқ», – деген.1

  1. 1Тирмизи, Сауабул-Құран: 20, №2918 (Жанан басылымында №2919).
436
Кутуб ситтә, № 436 · тараудағы реті: 25Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى أَنْ يُسَافِرَ بِالْقُرْآنِ إِلَى أَرْضِ الْعَدُوِّ. أَخْرَجَهُ الثَّلَاثَةُ وَأَبُو دَاوُدُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.анһума) Алла елшісінің (с.а.с.) Құранды дұшпанның жеріне алып баруға тыйым салғанын жеткізген.1

  1. 1Бұхари, Жиһад: 129; Мүслим, Имамат: 92, 93, 94, (1869); Әбу Дәуіт, Жиһад: 88, (2610); Ибн Мәжа, Жиһад: 45, (2879).