وَعَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ «دَخَلَ فِي صَلَاةِ الْفَجْرِ، فَأَوْمَأَ بِيَدِهِ أَنْ مَكَانَكُمْ، ثُمَّ جَاءَ وَرَأْسُهُ يَقْطُرُ، فَصَلَّى بِهِمْ».
Қазақша аудармасы
Әбу Бәкрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісінің (с.а.с.) таң намазын оқытуға кіріскені айтылады. Ол жамағатқа қолымен «Орындарыңда тұрыңдар» деп ишарат етіп, шығып кетті. Артынша басынан су тамшылаған күйде қайтып келіп, жамағатқа намаз оқытты.