وَفِي رِوَايَةِ التِّرْمِذِيِّ وَأَبِي دَاوُدَ أَيْضًا: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَنَامُ وَهُوَ جُنُبٌ وَلَا يَمَسُّ مَاءً». قَالَ التِّرْمِذِيُّ: «وَقَدْ رُوِيَ عَنْهَا أَنَّهُ كَانَ يَتَوَضَّأُ قَبْلَ أَنْ يَنَامَ، وَهُوَ أَصَحُّ».
Қазақша аудармасы
Тирмизи мен Әбу Дәуіттің бір нұсқасында: «Алла елшісі (с.а.с.) жүніп күйінде суға қол тигізбей ұйықтайтын», – делінген.
Тирмизи былай дейді: «Айшадан (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) ұйықтар алдында дәрет алғаны да риуаят етілген. Сол нұсқа сенімдірек».