Хадис

Кутуб ситтә, № 3776

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
506. Жүніп күйден тазару үшін ғұсыл алу
Нөмірі
№ 3776 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 44
3776
Кутуб ситтә, № 3776 · тараудағы реті: 44

وَلَهُ فِي أُخْرَى عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي قَيْسٍ قَالَ: «سَأَلْتُ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا عَنْ وِتْرِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ»، وَذَكَرَ الْحَدِيثَ، وَفِيهِ: «قُلْتُ: كَيْفَ كَانَ يَصْنَعُ فِي الْجَنَابَةِ؟ أَكَانَ يَغْتَسِلُ قَبْلَ أَنْ يَنَامَ، أَوْ يَنَامُ قَبْلَ أَنْ يَغْتَسِلَ؟ قَالَتْ: كُلُّ ذَلِكَ قَدْ كَانَ يَفْعَلُ، رُبَّمَا اغْتَسَلَ وَنَامَ، وَرُبَّمَا تَوَضَّأَ فَنَامَ. قُلْتُ: الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي جَعَلَ فِي الْأَمْرِ سَعَةً».

Қазақша аудармасы

Мүслимнің басқа риуаятында Абдулла ибн Әбу Қайс былай дейді: «Айшадан (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) үтір намазы туралы сұрадым...» Ол хадисті келтіре отырып, былай жалғайды: «Айшадан: “Алла елшісі (с.а.с.) жүніп болғанда не істейтін? Ұйықтамай тұрып жуынатын ба, әлде жуынбай ұйықтайтын ба?” – деп сұрадым. Ол: “Екеуін де істейтін. Кейде ғұсыл алып ұйықтайтын, кейде дәрет алып ұйықтайтын”, – деді. Мен: “Бұл істе кеңдік берген Аллаға мадақ!” – дедім».