Хадис

Кутуб ситтә, № 3763

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
506. Жүніп күйден тазару үшін ғұсыл алу
Нөмірі
№ 3763 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 31
3763
Кутуб ситтә, № 3763 · тараудағы реті: 31Риуаят етуші: Яғла ибн Умәйя

وَعَنْ يَعْلَى بْنِ أُمَيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «رَأَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَجُلًا يَغْتَسِلُ بِالْبَرَازِ بِلَا إِزَارٍ، فَصَعِدَ الْمِنْبَرَ فَحَمِدَ اللَّهَ وَأَثْنَى عَلَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ حَيِيٌّ سِتِّيرٌ يُحِبُّ الْحَيَاءَ وَالسَّتْرَ، فَإِذَا اغْتَسَلَ أَحَدُكُمْ فَلْيَسْتَتِرْ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Яғла ибн Умәйя (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) ашық жерде беліне жамылғы орамай жуынып жатқан кісіні көрді. Мінберге көтеріліп, Аллаға мадақ айтып: “Алла – ұят иесі әрі айыптарды бүркеуші. Ол ұяттылық пен жабынуды жақсы көреді. Сондықтан біреуің жуынғанда, қалқалансын”, – деді»1.

Түсіндірме

Алла елшісі (с.а.с.) Алла тағаланың «Ситтир», яғни айыптарды бүркеуші сипатын еске салып, пенделерге де жуынғанда қалқалануды бұйырған. Осы бұйрыққа сай амал ету – Алла жақсы көретін мінезді бойға сіңіру. Пайғамбар (с.а.с.) мүміндерді осылайша ұяттылық пен жабынуға үндеген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Хаммам», 2 (4012); Нәсәи, «Ғұсыл», 7 (1/200).