وَعَنْ قَتَادَةَ رَحِمَهُ اللَّهُ أَنَّ أَنَسَ بْنَ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ حَدَّثَهُمْ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ طَافَ عَلَى نِسَائِهِ بِغُسْلٍ وَاحِدٍ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا مُسْلِمًا.
Қазақша аудармасы
Қатада (рахимаһуллаһ) жеткізген риуаятта Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) жұбайларының бәріне барып, бір рет ғұсыл алған кезі болғанын айтады1.
- 1Бұхари, «Ғұсыл», 12, 24, «Неке», 4, 102; Әбу Дәуіт, «Таһарат» (218); Тирмизи, «Таһарат» (140); Нәсәи, «Таһарат», 170 (1/143). Әнәстен Хишам ибн Зәйд арқылы жеткен мағыналас нұсқа Мүслимде де бар (309).