Хадис

Кутуб ситтә, № 3724

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
505. Тәяммум
Нөмірі
№ 3724 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 11
3724
Кутуб ситтә, № 3724 · тараудағы реті: 11Риуаят етуші: Имран ибн Хусайн

وَعَنْ عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «رَأَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَجُلًا مُعْتَزِلًا لَمْ يُصَلِّ مَعَ الْقَوْمِ، فَقَالَ: يَا فُلَانُ، مَا مَنَعَكَ أَنْ تُصَلِّيَ مَعَ الْقَوْمِ؟ فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَصَابَتْنِي جَنَابَةٌ وَلَا مَاءَ. قَالَ: عَلَيْكَ بِالصَّعِيدِ، فَإِنَّهُ يَكْفِيكَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Имран ибн Хұсайын (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бір шетте қалып, жамағатпен бірге намаз оқымаған кісіні көрді. “Уа, пәленше! Жамағатпен намаз оқуыңа не кедергі болды?” – деп сұрады. Ол: “Уа, Алланың елшісі, жүніп болып қалдым, ал су жоқ”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Топырақпен тәяммум ал. Сол саған жеткілікті”, – деді»1.

  1. 1Бұхари, «Тәяммум», 6, 8 (344, 348), «Мәнәқиб», 25; Мүслим, «Мәсәжид», 317 (682); Нәсәи, «Таһарат», 203 (1/171).