وَعَنْ عُبَيْدِ بْنِ ثُمَامَةَ الْمُرَادِيِّ قَالَ: «قَدِمَ عَلَيْنَا مِصْرَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ الْحَارِثِ بْنِ جَزْءٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَسَمِعْتُهُ يُحَدِّثُ فِي مَسْجِدِ مِصْرَ، قَالَ: لَقَدْ رَأَيْتُنِي سَابِعَ سَبْعَةٍ، أَوْ سَادِسَ سِتَّةٍ، مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي دَارِ رَجُلٍ، فَمَرَّ بِلَالٌ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَنَادَاهُ بِالصَّلَاةِ، فَخَرَجْنَا، فَمَرَرْنَا بِرَجُلٍ وَبُرْمَتُهُ عَلَى النَّارِ، فَقَالَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ: أَطَابَتْ بُرْمَتُكَ؟ قَالَ: نَعَمْ، بِأَبِي أَنْتَ وَأُمِّي. فَتَنَاوَلَ مِنْهَا بَضْعَةً، فَلَمْ يَزَلْ يَعْلُكُهَا حَتَّىٰ أَحْرَمَ بِالصَّلَاةِ وَأَنَا أَنْظُرُ إِلَيْهِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Убайд ибн Сумама әл-Муради былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) сахабасы Абдулла ибн әл-Харис ибн Жаз (р.а.) Мысырға келді. Оның Мысыр мешітінде былай дегенін естідім: “Алла елшісімен (с.а.с.) бірге бір кісінің үйінде отырған жеті кісінің жетіншісі немесе алты кісінің алтыншысы едім. Біләл келіп, оны намазға шақырды. Сыртқа шыққан соң, отқа қазан қойған бір кісіге кезіктік. Пайғамбар одан: ‘Қазаныңдағы асың пісті ме?’ – деп сұрады. Ол: ‘Иә. Әкем мен анам сізге құрбан болсын!’ – деді. Алла елшісі қазаннан бір кесек ет алып, намазға кіріскенше шайнап барды. Мен қарап тұрдым”».1
- 1Әбу Дәуіт, «Таһарат», 75 (193).