وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَنَا مَعَهُ، فَدَخَلَ عَلَى امْرَأَةٍ مِنَ الْأَنْصَارِ، فَذَبَحَتْ لَهُ شَاةً، وَأَتَتْ بِقِنَاعٍ مِنْ رُطَبٍ، فَأَكَلَ مِنْهُ، ثُمَّ تَوَضَّأَ لِلظُّهْرِ وَصَلَّىٰ، ثُمَّ انْصَرَفَ، فَأَتَتْهُ بِعُلَالَةٍ مِنْ عُلَالَةِ الشَّاةِ، فَأَكَلَ، ثُمَّ صَلَّى الْعَصْرَ وَلَمْ يَتَوَضَّأْ». أَخْرَجَهُ الْأَرْبَعَةُ، وَهَذَا لَفْظُ التِّرْمِذِيِّ. وَلِأَبِي دَاوُدَ وَالنَّسَائِيِّ قَالَ: «كَانَ آخِرُ الْأَمْرَيْنِ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ تَرْكُ الْوُضُوءِ مِمَّا غَيَّرَتِ النَّارُ». «الْقِنَاعُ»: الطَّبَقُ. وَ«الْعُلَالَةُ»: بَقِيَّةُ الشَّيْءِ.
Жәбир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісімен (с.а.с.) бірге сыртқа шықтым. Ол ансардан бір әйелдің үйіне кірді. Әйел оған қой сойып, бір табақ балғын құрма әкелді. Алла елшісі одан жеді де, бесінге дәрет алып, намаз оқыды. Намаздан кейін әйел қой етінің қалғанын әкелді. Алла елшісі одан жеп, екінті намазын дәретін жаңартпай оқыды».1
Әбу Дәуіт пен Нәсәи жеткізген нұсқада: «Алла елшісінің (с.а.с.) екі амалынан кейінгісі отқа піскен тағамнан соң дәрет алмау еді», – делінген.
- 1Мәлік, «Муатта», «Таһарат», 25 (1/27). Тирмизи, «Таһарат», 59 (80). Әбу Дәуіт, «Таһарат», 75 (191–192). Нәсәи, «Таһарат», 123 (1/108). Мәтін Тирмизидің нұсқасынан алынды.