وَعَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «إِنَّهَا قَالَتْ فِي صَلَاةِ الْكُسُوفِ: قُمْتُ حَتَّىٰ تَجَلَّانِي الْغَشْيُ، وَجَعَلْتُ أَصُبُّ فَوْقَ رَأْسِي مَاءً». قَالَ عُرْوَةُ رَحِمَهُ اللَّهُ: وَلَمْ تَتَوَضَّأْ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.
Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.) күн тұтылғанда оқылған намазды былай баяндайды: «Мен де намазға тұрдым. Талықси бастағанымда, басыма су құйдым».
Уруа (Алла оны рақымына бөлесін): «Ол дәретін жаңартқан жоқ», – деген.1
Түсіндірме
1. Соңғы риуаят – Әсма жеткізген ұзақ хадистің бір үзіндісі. Толық нұсқасы Бұхари мен Мүслимде берілген. Біз қарастырып отырған тұста Әсманың күн тұтылғандағы ұзақ намазда талықсып, есін жинау үшін басына су құйып, дәрет алмай-ақ намазын жалғастырғаны айтылады. Хадис ғалымдары тиісті үкімге қатысты үзіндіні бөлек жеткізуге рұқсат еткен. Хадис ілімінде бұл «тақтиғул-хадис» деп аталады.
2. Әсма (р.а.) талықсығанын айтады. Оның есінен толық айырылмағаны басына өзі су құйып, есін жинауға тырысқанынан білінеді. Ғалымдар осыған сүйеніп, жеңіл талықсу дәретті бұзбайды деген үкім берген.
- 1Бұхари, «Уудуғ», 37 (184), «Кусуф», 10–11. Мүслим, «Кусуф», 11 (905).