وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَنَّ رَجُلًا أَسْلَفَ رَجُلًا فِي نَخْلٍ فَلَمْ تُخْرَجْ تِلْكَ السَّنَةُ شَيْئًا فَاخْتَصَمَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: بِمَ تَسْتَحِلُّ مَالَهُ؟ ارْدُدْ عَلَيْهِ مَالَهُ؛ ثُمَّ قَالَ: لَا تُسْلِفُوا فِي النَّخْلِ حَتَّى يَبْدُوَ صَلَاحُهُ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ وأَبُو دَاوُدُ.
Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Бір кісі құрма үшін біреуге сәләм жолымен алдын ала ақы төледі. Бірақ сол жылы құрма ағаштары өнім бермей қалды. Бұдан кейін сатушы мен алушы келіспей қалып, Алла елшісіне (с.а.с.) келіп шағымданды. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сатушыға: “Оның ақшасын алуды қалай адал көресің? Ақшасын қайтарып бер!” – деді. Содан соң: “Құрма жемісі жеуге жарағанша, оған сәләм жолымен алдын ала ақы төлемеңдер”, – деді».1
- 1Әбу Дәуіт, Буюғ: 58, (3467); Ибн Мәжа, Тижарат: 61, (2284); Муатта, Буюғ: 21, (2, 644); Бұхари, Сәләм: 2.