Хадис

№ 381–390 хадистер

Кутуб ситтә, 2-том, 47-тарау · 10 хадис · № 381–390

САУДА-САТТЫҚ (БӘЙҒ) БӨЛІМІ

Хадистер

381
Кутуб ситтә, № 381 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَدِمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْمَدِينَةَ وَهُمْ يُسْلِفُونَ فِي التَّمْرِ الْعَامَ والْعَامَيْنِ. فَقَالَ لَهُمْ: مَنْ أَسْلَفَ فِي تَمْرٍ فَفِي كَيْلٍ مَعْلُومٍ وَوَزْنٍ مَعْلُومٍ إِلَى أَجَلٍ مَعْلُومٍ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ. وَفِي أُخْرَى لِلْبُخَارِيِّ نَحْوَهُ، وَقَالَ: «السَّنَتَيْنِ وَالثَّلَاثَ». وَفِي لَفْظِ أَبِي دَاوُدَ: «السَّنَةَ وَالسَّنَتَيْنِ وَالثَّلَاثَةَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мәдинаға келгенде, жұрт құрманың ақысын бір не екі жыл бұрын төлейтін. Алла елшісі оларға: “Кім құрмаға алдын ала ақы төлесе, оның өлшемі мен салмағын және жеткізу мерзімін анық белгілесін”, – деді».

Бұхаридің нұсқасында құрманың ақысы «екі не үш жыл бұрын», Әбу Дәуіттің нұсқасында «бір, екі не үш жыл бұрын» төленгені айтылады.1

  1. 1Бұхари, Сәләм: 1, 2, 7; Мүслим, Мусақат: 127, 128, (1604); Әбу Дәуіт, Буйуғ: 57, (3463); Тирмизи, Буйуғ: 68, (1311); Нәсәи, Буйуғ: 6, 3 (7, 290); Ибн Мәжа, Тижарат: 59, (2280).
382
Кутуб ситтә, № 382 · тараудағы реті: 2

وَعَنْ مُحَمَّدِ بْنِ أَبِي الْمُجَالِدِ قَالَ: «اخْتَلَفَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ شِدَادِ بْنِ الْهَادِ وَ أَبُو بُرْدَةَ فِي السَّلَفِ فَبَعَثُونِي إِلَى ابْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فَسَأَلْتُهُ فَقَالَ: كُنَّا نُسْلِفُ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وأَبِي بَكْرٍ وَعُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي الْحِنْطَةِ والشَّعِيرِ والزَّبِيبِ والتَّمْرِ. وسَأَلْتُ ابْنَ أَبْزَى فَقَالَ مِثْلَ ذَلِكَ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وأَبُو دَاوُدُ وَالنَّسَائِي

Қазақша аудармасы

Мұхаммед ибн Әбул-Мужалид былай дейді: «Бірде Абдулла ибн Шәддәд ибн әл-Хад бен Әбу Бурда сәләф саудасы жайында келіспей қалды. Сол үшін мені ибн Әбу Әуфаға (р.а.) жіберді. Одан бұл мәселе жайлы сұрап едім, ол былай жауап берді: «Біз Расулалла (с.а.с.), әзірет Әбу Бәкір және әзірет Омар (р.а.) заманында бидай, арпа, мейіз және кептірілген құрманы сәләф жолымен, ақысын алдын ала беріп алатын едік». Сосын мен бұл жайында Ибн Әбзадан да сұрадым. Сонда ол да осыған ұқсас жауап берді».1

  1. 1Бұхари, Сәләм: 2, 3, 7; Әбу Дәуіт, Буйуғ: 57, (3464); Нәсәи, Буйуғ: 62, (7, 290).
383
Кутуб ситтә, № 383 · тараудағы реті: 3

وَفِي أُخْرَى «قُلْتُ إِلَى مَنْ كَانَ أَصْلُهُ عِنْدَهُ؟ فَقَالَ: مَا كُنَّا نَسْأَلُهُمْ عَنْ ذَلِكَ». زَادَ أَبُو دَاوُدُ: إِلَى قَوْمٍ مَا هُوَ عِنْدَهُمْ.

Қазақша аудармасы

Басқа нұсқасында былай делінген: «“Сәләм келісімін тауарды өндіретін шаруашылығы бар кісімен ғана жасайтын ба едіңіздер?” – деп сұрадым. Ол: “Біз келісім жасасқан кісіден ол жайында сұрамайтынбыз”, – деді».

Әбу Дәуіттің риуаятында: «Сәләм келісімін қолында тауары жоқ адамдармен де жасайтынбыз»1, – делінген.

  1. 1Бұхари, Сәләм: 3; Әбу Дәуіт, Буйуғ: 57, (3464).
384
Кутуб ситтә, № 384 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әбу Сағид

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِي رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ أَسْلَفَ فِي طَعَامٍ أَوْ شَيْءٍ فَلَا يَصْرِفْهُ إِلَى غَيْرِهِ قَبْلَ أَنْ يَقْبِضَهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізеді: «Кім азық-түлікке не басқа бір тауарға сәләм келісімімен алдын ала ақы төлесе, оны қолына алғанша басқаға өткізіп жібермесін».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Буйуғ: 59, (3468).
385
Кутуб ситтә, № 385 · тараудағы реті: 5

وَعَنْ أَبِي الْبَخْتَرِي رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَأَلْتُ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ السَّلَمِ فِي النَّخْلِ فَقَالَ: نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ بَيْعِ النَّخْلِ حَتَّى يَصْلُحَ».

Қазақша аудармасы

Әбул-Бахтари былай дейді: «Ибн Омардан (р.а.) құрмаға сәләм келісімін жасау жайын сұрадым. Ол: “Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жемісі жеуге жарағанша құрманы сатуға тыйым салды”, – деді»1.

  1. 1Бұхари, Сәләм, 3, 4.
386
Кутуб ситтә, № 386 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا مِثْلُهُ، قَالَ: «حَتَّى يُؤْكَلَ مِنْهُ، وَحَتَّى يُوزَنَ. قُلْتُ: مَا يُوزَنُ؟ فَقَالَ رَجُلٌ عِنْدَهُ: حَتَّى يُحْزَرَ». أَخْرَجَهُمَا الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастан (р.а.) да осыған ұқсас риуаят жеткен. Ол: «Жеуге және салмағын өлшеуге жарағанша», – деді. Әбул-Бахтари: «“Салмағын өлшеуге жарағанша” дегені не?» – деп сұрағанда, жанындағы бір кісі: «Көз мөлшерімен шамалауға болғанша», – деп түсіндірді.1

  1. 1Бұхари, Сәләм: 3, 4; Мүслим, Буюғ: 55, (1537).
387
Кутуб ситтә, № 387 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَنَّ رَجُلًا أَسْلَفَ رَجُلًا فِي نَخْلٍ فَلَمْ تُخْرَجْ تِلْكَ السَّنَةُ شَيْئًا فَاخْتَصَمَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: بِمَ تَسْتَحِلُّ مَالَهُ؟ ارْدُدْ عَلَيْهِ مَالَهُ؛ ثُمَّ قَالَ: لَا تُسْلِفُوا فِي النَّخْلِ حَتَّى يَبْدُوَ صَلَاحُهُ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ وأَبُو دَاوُدُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Бір кісі құрма үшін біреуге сәләм жолымен алдын ала ақы төледі. Бірақ сол жылы құрма ағаштары өнім бермей қалды. Бұдан кейін сатушы мен алушы келіспей қалып, Алла елшісіне (с.а.с.) келіп шағымданды. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сатушыға: “Оның ақшасын алуды қалай адал көресің? Ақшасын қайтарып бер!” – деді. Содан соң: “Құрма жемісі жеуге жарағанша, оған сәләм жолымен алдын ала ақы төлемеңдер”, – деді».1

  1. 1Әбу Дәуіт, Буюғ: 58, (3467); Ибн Мәжа, Тижарат: 61, (2284); Муатта, Буюғ: 21, (2, 644); Бұхари, Сәләм: 2.
388
Кутуб ситтә, № 388 · тараудағы реті: 8

وَأَخْرَجَ مَالِكٌ رَحِمَهُ اللَّهُ مَوْقُوفًا عَلَيْهِ قَالَ: «لَا بَأْسَ أَنْ يُسْلِفَ الرَّجُلُ الرَّجُلَ فِي الطَّعَامِ الْمَوْصُوفِ بِسِعْرٍ مَعْلُومٍ إِلَى أَجَلٍ مَعْلُومٍ مُسَمًّى مَا لَمْ يَكُنْ ذَلِكَ فِي زَرْعٍ لَمْ يَبْدُ صَلَاحُهُ أَوْ تَمْرٍ لَمْ يَبْدُ صَلَاحُهُ». وأَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ فِي تَرْجَمَةِ بَابٍ.

Қазақша аудармасы

Имам Мәлик Ибн Омардың (р.а.) мына сөзін жеткізген: «Сипаты анықталған азық-түлікке бағасы мен жеткізу мерзімін белгілеп, сәләм жолымен алдын ала ақы төлеудің әбестігі жоқ. Алайда пісіп жетілмеген егін мен жеуге жарамаған құрмаға сәләм келісімі жасалмайды». Бұхари Ибн Омардың (р.а.) бұл сөзін тарау тақырыбында иснадсыз келтірген.1.

  1. 1Муатта, Буйуғ: 94, (2, 682); Бұхари, Сәләм: 7.
389
Кутуб ситтә, № 389 · тараудағы реті: 9

وَعَنْ مَالِكٍ أَنَّهُ بَلَغَهُ أَنَّ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «سُئِلَ فِي رَجُلٍ أَسْلَفَ طَعَامًا عَلَى أَنْ يُعْطِيَهُ إِيَّاهُ فِي بَلَدٍ آخَرَ فَكَرِهَ ذَلِكَ عُمَرُ، وَقَالَ: فَأَيْنَ كِرَاءُ الْجَمَلِ».

Қазақша аудармасы

Имам Мәликке жеткен риуаятта Омардан (р.а.) азық-түлікті басқа елді мекенде жеткізіп беру шартымен сәләм келісімін жасаған бір кісі жайында сұралған. Омар мұны құптамай: «Сонда түйенің жалдау ақысы қайда қалады?» – деген.1

  1. 1Қолымыздағы «Муатта» нұсқасында «түйенің жалға алынған ақшасы» дегеннің орнына «тасымалдануы» деген сөз қолданылған. Муатта, Буйуғ: 91, (2, 681).
390
Кутуб ситтә, № 390 · тараудағы реті: 10

وَعَنْهُ أَنَّهُ بَلَغَهُ أَنَّ ابْنَ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ كَانَ يَقُولُ: «مَنْ أَسْلَفَ سَلَفًا فَلَا يَشْتَرِطْ أَفْضَلَ مِنْهُ، وَإِنْ كَانَتْ قَبْضَةً مِنْ عَلَفٍ فَهُوَ رِبًا».

Қазақша аудармасы

Имам Мәликке жеткен риуаятта Ибн Мәсғуд (р.а.) былай деген: «Кім қарыз берсе, бергенінен артық қайтаруды шарт етпесін. Ол бір уыс мал азығы болса да, риба саналады».1

  1. 1Муатта, Буйуғ 94, (2, 682).