Хадис

№ 374–380 хадистер

Кутуб ситтә, 2-том, 46-тарау · 7 хадис · № 374–380

САУДА-САТТЫҚ (БӘЙҒ) БӨЛІМІ

Хадистер

374
Кутуб ситтә, № 374 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَضَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِالشُّفْعَةِ فِي كُلِّ مَا لَمْ يُقْسَمْ، فَإِذَا وَقَعَتِ الْحُدُودُ وَصُرِّفَتِ الطُّرُقُ فَلَا شُفْعَةَ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ، وَهَذَا لَفْظُ الْبُخَارِي، وَلَفْظُ مُسْلِمٍ «فِي كُلِّ شِرْكَةٍ لَمْ تُقْسَمْ، رَبْعَةٍ أَوْ حَائِطٍ. لَا يَحِلُّ لَهُ أَنْ يَبِيعَ حَتَّى يُؤْذِنَ شَرِيكَهُ، فَإِنْ شَاءَ أَخَذَ وَإِنْ شَاءَ تَرَكَ، فَإِذَا بَاعَ وَلَمْ يُؤْذِنْهُ فَهُوَ أَحَقُّ بِهِ»

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) әлі бөлінбеген мүліктің бәріне шуфға құқығы жүреді деп үкім етті. Мүлік шекаралары белгіленіп, жолдары ажыратылғанда, шуфға құқығы тоқтайды».1

Мүслімнің нұсқасы былай: «Әлі бөлінбеген ортақ мүлікте, мейлі үй болсын, мейлі бақ болсын, шуфға құқығы бар. Серіктес өз үлесін екінші серіктесіне хабарламай сата алмайды. Хабар алғанда, серіктесі қаласа сатып алады, қаламаса бас тартады. Үлес оған хабарланбай сатылса, оны сатып алуға серіктесінің құқығы басым».

  1. 1(Бұхари, Шуфға 1, Буюғ 96-97, Һиял 14, Ширкат 8-9; Мүслим, Мусақат 134/1608; Нәсәи, Буюғ 108-109, 7/301; Әбу Дәуіт, Буюғ 73/3513, 3514; Тирмизи, Ахкам 33/1370)
375
Кутуб ситтә, № 375 · тараудағы реті: 2

وفِي أُخْرَى لِأَبِي دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيِّ قَالَ: «الْجَارُ أَحَقُّ بِشُفْعَةِ جَارِهِ، يُنْتَظَرُ بِهَا وَإِنْ كَانَ غَائِبًا إِذَا كَانَ طَرِيقُهُمَا وَاحِدًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Дәуіт пен Тирмизиде келген басқа бір риуаятта: «Көршінің көршісіне қатысты шуфға құқығы басым. Екеуінің кіріп-шығатын жолы ортақ болса, көршісі орнында жоқ кезде де оны күту керек.» – делінген.1

  1. 1Әбу Дәуіт, Буйуғ: 75, (3518); Тирмизи, Ахкам: 33, (1369); Ибн Мәжа, Шуфа: 2, (2494); Нәсәи, Буйуғ: 80, (7, 301).
376
Кутуб ситтә, № 376 · тараудағы реті: 3

وَفِي أُخْرَى لِلتِّرْمِذِيِّ: «جَارُ الدَّارِ أَحَقُّ بِالدَّارِ».

Қазақша аудармасы

Тирмизидің басқа бір риуаятында: «Үйді сатып алуға сол үйдің көршісі басқалардан гөрі құқылы.» – делінген.1

  1. 1Тирмизи, Ахкам: 31, (1368), 33, (1370).
377
Кутуб ситтә, № 377 · тараудағы реті: 4

وَفِي أُخْرَى لَهُ وَلِأَبِي دَاوُدَ عَنْ سَمُرَةَ: «جَارُ الدَّارِ أَحَقُّ بِدَارِ الْجَارِ أَوِ الْأَرْضِ».

Қазақша аудармасы

Имам Тирмизи мен Әбу Дәуіттің Сәмурадан жеткізген риуаяттарында Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген: «Көршісінің үйін не жерін сатып алуға көршінің құқығы басым».1

  1. 1Тирмизи, Ахкам: 31, (1368); Әбу Дәуіт, Буйуғ: 75, (3517).
378
Кутуб ситтә, № 378 · тараудағы реті: 5

وَعَنْ عَمْرِو بْنِ الشَّرِيدِ أَنَّهُ سَمِعَ أَبَا رَافِعٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: الْجَارُ أَحَقُّ بِصَقْبِهِ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ، وأَبُو دَاوُدُ، وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Амр ибн әш-Шәрид Әбу Рафиғтың (р.а.) былай дегенін естіген: «Алла елшісінің (с.а.с.) “Жақын көршінің құқығы басым” дегенін естідім».1

  1. 1Бұхари, Шуфа: 2, Хиял 14, 15; Әбу Дәуіт, Буйуғ: 75, (3516); Нәсәи, Буйуғ: 109, (7, 320).
379
Кутуб ситтә, № 379 · тараудағы реті: 6

وَعَنِ الشَّرِيدِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ رَجُلًا قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَرْضِي لَيْسَ لِأَحَدٍ فِيهَا شَرِكَةٌ وَ لَا قِسْمَةٌ إِلَّا الْجِوَارُ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: الْجَارُ أَحَقُّ بِصَقَبِهِ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِي

Қазақша аудармасы

Әш-Шәрид (р.а.) былай дейді: «Бір кісі Алла елшісіне (с.а.с.): “Уа, Алланың елшісі! Менің жеріме ешкім ортақ емес, онда ешкімнің үлесі жоқ. Тек көршім бар”, – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Жақын көршінің құқығы басым”, – деді».1

  1. 1Нәсәи, Буйуғ: 109, (7, 320).
380
Кутуб ситтә, № 380 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Осман

وَعَنْ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «إذَا وَقَعَتِ الْحُدُودُ فِي الْاَرْضِ فَلَا شُفْعَةَ فِيهَا، وَلَا شُفْعَةَ فِي بِئْرٍ وَلَا فِي فَحْلِ النَّخْلِ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ

Қазақша аудармасы

Әзірет Осман (р.а.) былай дейді: «Жер телімдерінің шекарасы белгіленсе, шуфға құқығы тоқтайды. Құдық пен құрманың аталық ағашына да шуфға құқығы жүрмейді».1

  1. 1Мәлик, «Муатта», «Шуфға», 4 (№1398).