Хадис

Кутуб ситтә, № 3450

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
465. Өзге хадистер
Нөмірі
№ 3450 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 6
3450
Кутуб ситтә, № 3450 · тараудағы реті: 6Риуаят етуші: Әбу Мұса

وَعَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِذَا مَرَّ أَحَدُكُمْ فِي مَجْلِسٍ أَوْ سُوقٍ وَفِي يَدِهِ نَبْلٌ فَلْيَأْخُذْ بِنِصَالِهَا لَا يَخْدِشُ بِهَا مُسْلِمًا. قَالَ أَبُو مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: وَاللَّهِ مَا مُتْنَا حَتَّى سَدَّدْنَاهَا بَعْضُنَا فِي وُجُوهِ بَعْضٍ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُدَ. «التَّسْدِيدُ»: التَّصْوِيبُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кімде-кім қолында садақ жебелерімен жұрт жиналған жерден немесе базардан өтсе, мұсылманды жаралап алмас үшін жебелердің ұшын ұстасын”, – деді». Әбу Мұса: «Алламен ант етейін, ақыры бір-біріміздің бетімізге жебе кезеген күнді де көрдік», – деп қосқан1.

Түсіндірме

Хадис Алла Елшісінің (с.а.с.) үмбетіне жанашырлығын көрсетеді. Мұсылман өзгеге қолымен де, тілімен де зиян тигізуден сақтануы керек.

Әбу Мұса (р.а.) Алла Елшісі (с.а.с.) дүние салғаннан кейінгі алауыздықты меңзеген. Пайғамбар адамдар абайсызда да жарақаттанып қалмасын деп ескерткен еді. Ал кейін жұрт бір-біріне әдейі жебе кезейтін күйге жетті. Әбу Мұсаның сөзі осы өкінішті білдіреді.

  1. 1Бұхари, Фитән: 7, Салат: 67; Мүслим, Бирр: 124, (2615); Әбу Дәуіт, Жиһад: 72, (2587).