وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: خَطَبَنَا عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بِالْجَابِيَةِ فَقَالَ: يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنِّي قُمْتُ فِيكُمْ كَمَقَامِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِينَا. قَالَ: أُوصِيكُمْ بِأَصْحَابِي ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ ثُمَّ يَفْشُو الْكَذِبُ حَتَّى يَحْلِفَ الرَّجُلُ وَلَا يُسْتَحْلَفُ، وَيَشْهَدَ الشَّاهِدُ وَلَا يُسْتَشْهَدُ. أَلَا لَا يَخْلُوَنَّ رَجُلٌ بِامْرَأَةٍ إِلَّا كَانَ ثَالِثُهُمَا الشَّيْطَانَ، عَلَيْكُمْ بِالْجَمَاعَةِ، وَإِيَّاكُمْ وَالْفُرْقَةَ: فَإِنَّ الشَّيْطَانَ مَعَ الْوَاحِدِ وَهُوَ مِنَ الِاثْنَيْنِ أَبْعَدُ، مَنْ أَرَادَ بُحْبُوحَةَ الْجَنَّةِ فَلْيَلْزَمِ الْجَمَاعَةَ. مَنْ سَرَّتْهُ حَسَنَتُهُ وَسَاءَتْهُ سَيِّئَتُهُ فَذَلِكَ الْمُؤْمِنُ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَصَحَّحَهُ.
Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Омар (р.а.) әл-Жәбияда бізге былай деп сөз сөйледі: “Уа, халайық! Мен сендердің алдарыңа Алла Елшісі (с.а.с.) біздің алдымызға шыққандай шығып тұрмын. Ол былай деген: ‘Сендерге сахабаларымды, одан кейін оларға ілескендерді, содан соң соларға ілескендерді өсиет етемін. Одан кейін өтірік етек жайып, адам ант сұралмай тұрып ант ішеді, куәлік сұралмай тұрып куәлік береді. Біліп қойыңдар, ер кісі бөгде әйелмен оңаша қалса, екеуінің үшіншісі шайтан болады. Жамағатпен бірге болыңдар, бөлінуден сақтаныңдар. Шайтан жалғыз кісімен бірге болады, ал екі кісіден алысырақ тұрады. Кім жәннаттың төрін қаласа, жамағаттан ажырамасын. Өз жақсылығы қуантқан, жамандығы қынжылтқан кісі – мүмін’”»1.
- 1Ибн Мәжа, «Ахкам», 27-тарау, №2363. Тирмизи, «Фитән», 7-тарау, №2165.