وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فَمِنَّا الصَّائِمُ وَمِنَّا الْمُفْطِرُ، فَلَا الصَّائِمُ يَعِيبُ عَلَى الْمُفْطِرِ، وَلَا الْمُفْطِرُ يَعِيبُ عَلَى الصَّائِمِ». أَخْرَجَهُ الثَّلَاثَةُ وَأَبُو دَاوُدَ.
Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге сапарда болдық. Кейбіріміз ораза ұстадық, кейбіріміз ұстамадық. Ораза ұстаған адам ұстамағанды, ұстамаған адам ұстағанды кінәламады».1
Түсіндірме
Әбу Дәуіттің нұсқасында сапардың Рамазанда болғаны айтылады. Демек, әңгіме парыз ораза жайлы. Бұл риуаят сапарда шамасы келген адамның Рамазан оразасын ұстай алатынын көрсетеді. Ал №3206 хадистегі сөз ораза ауыр тиіп, адам қалжыраған жағдайға қатысты. Ибн Хажар ғалымдардың пікірін былай жеткізген: «Шамасы жеткен адамға ораза ұстаған абзал. Шамасы жетпейтінін білген адамға ұстамаған абзал». Бұл жайлы өзге пікірлер жоғарыда келтірілді.
- 1Бұхари, «Саум», 37 (№1947). Мүслим, «Сиям», №1118. Мәлик, «Муатта», «Сиям», 23 (1/295). Әбу Дәуіт, «Саум», №2405.