وَعَنْ مَرْوَانَ بْنِ سَالِمٍ عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَقُولُ إِذَا أَفْطَرَ: ذَهَبَ الظَّمَأُ، وَابْتَلَّتِ الْعُرُوقُ، وَثَبَتَ الْأَجْرُ إِنْ شَاءَ اللَّهُ تَعَالَى». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. وَزَادَ رَزِينٌ فِي أَوَّلِهِ: «الْحَمْدُ لِلَّهِ».
Қазақша аудармасы
Мәруан ибн Сәлим Ибн Омардан (р.а.) мына сөзді жеткізеді: «Алла Елшісі (с.а.с.) ауыз ашқанда “Шөл қанды, тамырлар нәр алды. Алла қаласа, сауап та бекіді”, – дейтін». Разин жеткізген нұсқада дұға «Аллаға мақтау болсын» деген сөзбен басталады.1
- 1Әбу Дәуіт, «Саум», №2357. Разин нұсқасындағы қосымша Ибраһим Жананның «Күтүб-и ситтә» жинағының 9-томында (500-бет, №3194) келтірілген.