وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: احْتَجَمَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ مُحْرِمٌ، وَاحْتَجَمَ وَهُوَ صَائِمٌ. أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِيَّ.
Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісі ихрамда жүргенде хижама жасатты. Ораза ұстап жүргенде де хижама жасатты»1, – дейді.
Түсіндірме
Ибн Аббас (р.а.) бұл риуаятта хижама, яғни қан алдыру оразаны бұзбайтынына ишарат етеді. Ғалымдар бұл мәселеде түрлі пікір айтқан. Көпшілік қан алдырудың өзі оразаны бұзбайды деп үкім берген.
Әли, Ата, Әузағи, Ахмад, Исхақ және Әбу Сәур хижама жасағанның да, жасатқанның да оразасы бұзылады деп есептеген. Олардың пікірінше, бұзылған оразаның қазасы өтеледі. Ата ғана бұған кәффарат та қажет деген.
Сахих сәнәдпен жеткен хадисте Алла елшісі: «Хижама жасағанның да, жасатқанның да оразасы бұзылды», – деген. Бұл риуаят төменде келтіріледі. Хадис түсіндірушілері оның үкімі кейін жойылған деп санайды.
- 1Бұхари, «Саум», 32 (№ 1938–1939), «Тибб», 11. Мүслим, «Хаж», 87 (№ 1202). Әбу Дәуіт, «Саум», 29 (№ 2372–2373). Тирмизи, «Саум», 61 (№ 775–777).