وَعَنْ نَافِعٍ أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا «كَانَ يُسَلِّمُ بَيْنَ الرَّكْعَةِ وَالرَّكْعَتَيْنِ فِي الْوِتْرِ، حَتَّى يَأْمُرَ بِبَعْضِ حَاجَتِهِ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ، وَرَوَاهُ مَالِكٌ بِلَفْظٍ آخَرَ.
Нафиғтың жеткізуінше, Абдулла ибн Омар (р.а.) үтірдің екі рәкаты мен соңғы бір рәкатының арасында сәлем беретін, тіпті сол арада қажет шаруасын тапсыратын.1
Түсіндірме
Ибраһим Жанан бұл риуаятты Пайғамбарға (с.а.с.) телінген нұсқаға сүйеніп түсіндірген. Оның пайымынша, үш рәкат әдетте бір сәлеммен оқылған. Қажет шаруа туғанда екінші рәкаттан кейін сәлем беріп, шаруасын айтқан да, қалған бір рәкатты артынан толықтырған. Жанан мұны «Үтір екіге бөлініп оқылмаса, дұрыс болмайды» деген пікірге жауап ретінде келтіреді.
Осы хадистер үтірдің екі түрлі оқылуына рұқсат екенін көрсетеді. Алғашқы екі рәкаттан кейін сәлем беріп, соңғысын бөлек оқуға да, екінші рәкатта әт-тахият оқып, тек үшінші рәкаттан кейін сәлем беруге де болады. Ханафи мәзһабында үш рәкат бірге оқылады. Шафиғи мәзһабында екі рәкаттан соң сәлем беріліп, соңғы рәкат бөлек оқылады.
- 1Бұхари, «Үтір», № 991. Мәлик, «Муатта», «Салатул-ләйл», 20 (1, 125). Екі жинақ та мұны Ибн Омардың амалы ретінде береді. Ибраһим Жананның 9-том, 300-беттегі шархында риуаят Пайғамбарға (с.а.с.) телінген.