Хадис

Жұма намазының сүннеттері

Кутуб ситтә, 7-том, 403-тарау · 5 хадис · № 2975–2979

Хадистер

2975
Кутуб ситтә, № 2975 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «دَخَلَ رَجُلٌ وَالنَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَخْطُبُ فَقَالَ لَهُ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَصَلَّيْتَ؟ قَالَ: لَا. قَالَ: فَصَلِّ رَكْعَتَيْنِ». وَفِي رِوَايَةٍ: «قُمْ فَارْكَعْ رَكْعَتَيْنِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Жәбир (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) құтба айтып тұрғанда бір кісі келді. Расулалла (с.а.с.): “Намаз оқыдың ба?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Онда екі рәкат оқы”, – деді».1

Басқа бір риуаятта: «Тұр да, екі рәкат оқы», – делінген.

  1. 1Бұхари, «Жұма», 32–33, «Тәһәжжуд», 25. Мүслим, «Жұма», 55. Әбу Дәуіт, «Салат», 237. Тирмизи, «Салат», № 510. Нәсәи, «Жұма», 21, 27 (3, 103, 107).
2976
Кутуб ситтә, № 2976 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِذَا صَلَّى أَحَدُكُمُ الْجُمُعَةَ فَلْيُصَلِّ بَعْدَهَا أَرْبَعًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Расулалланың (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Кім жұма намазын оқыса, одан кейін төрт рәкат оқысын».1

Түсіндірме

Бұл риуаят жұма намазынан кейін төрт рәкат оқуға рұқсат екенін көрсетеді. Басқа риуаяттарда Расулалланың (с.а.с.) жұмадан соң үйіне барып, екі рәкат оқығаны айтылады. Риуаяттардың арасын былай үйлестірген: Пайғамбар (с.а.с.) жұма намазынан кейін мешітте төрт рәкат, үйде екі рәкат оқыған. Демек, оны үйде де, мешітте де оқуға болады.

  1. 1Мүслим, «Жұма», № 881. Әбу Дәуіт, «Салат», № 1131. Тирмизи, «Жұма», 376.
2977
Кутуб ситтә, № 2977 · тараудағы реті: 3

وَفِي رِوَايَةٍ: «فَإِنْ عَجِلَ بِكَ شَىْءٌ فَصَلِّ رَكْعَتَيْنِ فِي الْمَسْجِدِ وَرَكْعَتَيْنِ إِذَا رَجَعْتَ». ذَكَرَهُ مُسْلِمٌ مِنْ قَوْلِ سُهَيْلٍ.

Қазақша аудармасы

Мүслимдегі риуаятта Сүһәйлдің мына сөзі қосылған: «Шұғыл шаруаң болса, екі рәкатын мешітте, қалған екі рәкатын қайтып келген соң оқы».1

  1. 1Мүслим, «Жұма», № 881b. Бұл сөз Сүһәйлдің нұсқасына қосымша ретінде берілген.
2978
Кутуб ситтә, № 2978 · тараудағы реті: 4

وَعَنْ نَافِعٍ: «أَنَّ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا رَأَى رَجُلًا يُصَلِّي رَكْعَتَيْنِ يَوْمَ الْجُمُعَةِ فِي مُقَامِهِ فَدَفَعَهُ وَقَالَ: أَتُصَلِّي الْجُمُعَةَ أَرْبَعًا؟ وَكَانَ يُصَلِّي يَوْمَ الْجُمُعَةِ رَكْعَتَيْنِ فِي بَيْتِهِ وَيَقُولُ: هَكَذَا فَعَلَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ. وَاللَّفْظُ لِأَبِي دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Нафиғ былай дейді: «Ибн Омар (р.а.) жұма күні парызын оқыған жерінен қозғалмай тағы екі рәкат оқып тұрған бір адамды көрді. Оны шетке ысырып: “Жұма намазын төрт рәкат етіп оқисың ба?” – деді.

Ибн Омар (р.а.) жұма күні үйінде екі рәкат оқып: “Алла елшісі (с.а.с.) осылай істейтін”, – дейтін».1

  1. 1Бұхари, «Жұма», 39, «Тәһәжжуд», 25, 29. Мүслим, «Жұма», № 882. Әбу Дәуіт, «Салат», № 1127–1128. Тирмизи, «Жұма», № 521–522. Нәсәи, «Жұма», 42, 44 (3, 113).
2979
Кутуб ситтә, № 2979 · тараудағы реті: 5

وَعَنْ عَطَاءٍ قَالَ: «كَانَ ابْنُ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا إِذَا صَلَّى الْجُمُعَةَ بِمَكَّةَ تَقَدَّمَ فَصَلَّى رَكْعَتَيْنِ ثُمَّ يَتَقَدَّمُ فَيُصَلِّي أرْبَعًا. فَإِذَا كَانَ بِالْمَدِينَةِ صَلَّى الْجُمُعَةَ ثُمَّ رَجَعَ إِلَى بَيْتِهِ. فَصَلَّى رَكْعَتَيْنِ وَلَمْ يُصَلِّ فِي الْمَسْجِدِ، فَقِيلَ لَهُ، فَقَالَ: كَانَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَفْعَلُهُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ата былай дейді: «Ибн Омар (р.а.) Меккеде жұма намазын оқыған соң ілгері жылжып, екі рәкат оқитын. Сосын тағы ілгері жылжып, төрт рәкат оқитын. Мәдинада жұма намазынан соң үйіне оралып, екі рәкат оқитын, оны мешітте оқымайтын. Неге олай істейтінін сұрағанда: “Расулалла (с.а.с.) осылай істейтін”, – деді».1

Түсіндірме

Бұл риуаят Ибн Омардың (р.а.) жұма намазынан кейінгі нәпілді Мекке мен Мәдинада әртүрлі оқығанын көрсетеді.

1. Меккеде әуелі екі, одан соң төрт рәкат, барлығы алты рәкат оқыған. Ал Мәдинада жұмадан кейін үйіне барып, екі рәкат оқыған.

2. Себебін сұрағандарға Ибн Омар (р.а.) Расулалланың (с.а.с.) да осылай оқығанын айтқан. Ол Мәдинада оқыған екі рәкатты меңзеген болса керек. Кейбір шархшылардың айтуынша, Расулалланың (с.а.с.) Меккеде Ибн Омардай оқығаны жөнінде дерек те, мұндай пікір де кездеспейді. Расулалланың (с.а.с.) Меккеде жұма намазын оқығаны да сахих дерекпен бекімеген. Оның солай оқығанын қабылдаған күннің өзінде, бұл – сирек жасаған амалы. Тағы бір түсіндірме бойынша, намазды кейде қысқарту Расулаллаға (с.а.с.) тән еді. Ол құтба айтқанда әскеріне үн қатқан қолбасшыдай дауысын көтеріп, салмақпен сөйлейтін. Сондықтан шаршаған кездері жұмадан кейін үйінде екі рәкатпен шектелген болуы мүмкін. Ал әдетте төрт рәкат оқуды бұйырған және оны үйде не мешітте оқу керектігін нақтыламаған. Кейде екі рәкат оқуы төрт рәкат оқуға кедергі емес. Екеуін де оқуға рұқсат. Төрт рәкат оқуды көбірек өсиет еткендіктен, төрт рәкат оқу абзал саналады.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат», № 1130–1131. Тирмизи, «Жұма», № 523.