وَفِي أُخْرَى لِمُسْلِمٍ قَالَ: «بِعْنِي جَمَلَكَ هَذَا، قُلْتُ: لَا بَلْ هُوَ لَكَ. قَالَ: لَا، بَلْ بِعْنِيهِ. قُلْتُ: لَا، بَلْ هُوَ لَكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ. قَالَ: لَا، بَلْ بِعْنِيهِ. قُلْتُ: فَإِنَّ لِرَجُلٍ عَلَيَّ أُوقِيَّةَ ذَهَبٍ فَهُوَ لَكَ بِهَا. قَالَ: قَدْ أَخَذْتُهُ فَتَبَلَّغْ عَلَيْهِ إِلَى الْمَدِينَةِ، فَلَمَّا قَدِمْتُ الْمَدِينَةَ قَالَ لِبِلَالٍ: أُعْطِهِ أُوقِيَّةَ ذَهَبٍ وَزِدْهُ، فَزَادَنِي قِيرَاطًا، فَقُلْتُ: لَا تُفَارِقُنِي زِيَادَةُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَكَانَ فِي كِيسٍ لِي إِلَى أَنْ أَخَذَهُ أَهْلُ الشَّامِ يَوْمَ الْحَرَّةِ».
Мүслимнің басқа риуаятында Жәбир былай дейді: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) “Мына түйеңді маған сат”, – деді. “Жоқ, сіздікі болсын”, – дедім. “Жоқ, оны маған сат”, – деді. Мен “Жоқ, уа, Алланың елшісі, сіздікі болсын”, – дедім. Ол тағы да “Жоқ, маған сат”, – деді. Сонда “Бір кісіге бір уқия алтын қарыз едім, түйе сол бағаға сіздікі болсын”, – дедім. “Алдым. Мәдинаға осы түйемен жетіп ал”, – деді. Мәдинаға келгенімде, ол Біләлға “Оған бір уқия алтын бер, үстіне тағы қос”, – деді. Біләл маған бір қират1 артық берді. “Алла елшісінің қосып бергені жанымнан ажырамасын”, – дедім. Сол алтын Харра күні Шам әскері алып кеткенге дейін қалтамда сақтаулы тұрды».
- 1Мүслим, «Мусақат», №715. Ибн әл-Әсирдің айтуынша, қират көбіне динардың жиырмадан бір бөлігіне тең. Кей жерде оның мөлшері өзгеше есептелген.