وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: خِيَارُكُمْ أَلْيَنُكُمْ مَنَاكِبَ فِي الصَّلَاةِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ
Қазақша аудармасы
Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Сендердің ең жақсыларың – намазда иығы ең жұмсақ болғандарың”, – деді».1
Түсіндірме
«Иығы жұмсақ болу» – сапты түзеуші сөзбен немесе иыққа қолын қойып белгі берсе, соған ілесе қимылдау. Хаттаби мұны намазда тыныш тұру, оңға-солға алақтамау және өзгені иықпен итермеу деп түсіндіреді. Тағы бір мағынасы – тар жерден саптағы бос орынға өтпек болған адамға жол беру, сап тығыз тұрсын деп оны иықпен кері итермеу.
- 1Әбу Дәуіт, Салат: 94, (672).