Хадис

Кутуб ситтә, № 2791

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
386. Үзірлі себеппен жамағат намазына бармау
Нөмірі
№ 2791 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
2791
Кутуб ситтә, № 2791 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَأمُرُ الْمُؤَذِّنَ فِي اللَّيْلَةِ الْبَارِدَةِ، أَوْ ذَاتِ الْمَطَرِ فِي السَّفَرِ أَنْ يَقُولَ: أَلَا صَلُّوا فِي رِحَالِكُمْ». أخَرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) сапарда суық немесе жаңбырлы түнде азаншыға: “Естіп алыңдар! Намаздарыңды өздерің қонған жерде оқыңдар!” – деп жар салуды бұйыратын».1

Түсіндірме

1. Хадистің кей нұсқасында жамағатқа бармауға үзір болатын себептер қатарында жаңбыр мен суықтан бөлек жел де аталған. Хадистің сыртқы мағынасына қарағанда, түнде осы үш жағдай да үзір саналады. Ибн Хажар желдің күндіз де үзір болатынына сахих риуаят кездестірмегенін айтады.

2. Бұхаридің риуаятында «Намаздарыңды өздерің қонған жерде оқыңдар!» деген сөз азаннан кейін айтылғаны анық көрсетілген. Кейбір ғалымдар оны «хаййә алас-салат» деген сөздің орнына айтуға болады деген.

3. «Рихал» – «рахл» сөзінің көпше түрі. Мағынасы – қонып, тұрақтаған жер. Тастан, ағаштан, жүннен, топырақтан, түйе жүнінен не ешкінің қылынан тұрғызылған баспананың бәрі де «рахл» деп аталады.

  1. 1Бұхари, Азан: 18, 40; Мүслим, Мусафирин: 22, (697); Муатта, Салат: 10, (1, 73); Әбу Дәуіт, Салат: 214, (1060-1064); Нәсаи, Азан: 17, (2, 15).