وَعَنْ رِفَاعَةَ بْنِ رَافِعٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَيْنَمَا نَحْنُ فِي المَسْجِدِ إِذْ جَاءَ رَجُلٌ كَالْبَدَوِيِّ، فَصَلَّى فَأَخَفَّ صَلَاتَهُ، ثُمَّ انْصَرَفَ فَسَلَّمَ عَلَى النَّبىِّ ﷺ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: وَعَلَيْكَ، فَارْجِعْ فَصَلِّ فَإِنَّكَ لَمْ تُصَلِّ، فَرَجَعَ فَصَلَّى، ثُمَّ جَاءَ فَسَلَّمَ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ فَرَدَّ عَلَيْهِ، فَقَالَ: ارْجِعْ فَصَلِّ فَإِنَّكَ لَمْ تُصَلِّ فَفَعَلَ ذَلِكَ مَرَّتَيْنِ أَوْ ثَلَاثًا كُلُّ ذَلِكَ يَقُولُ: ارْجِعْ فَصَلِّ فَإِنَّكَ لَمْ تُصَلِّ، فَخَافَ النَّاسُ وَكَبَّرَ عَلَيْهِمْ أَنْ يَكُونَ مَنْ أَخَفَّ صَلَاتَهُ لَمْ يُصَلِّ، فَقَالَ الرَّجُلُ فِي آخِرِ ذَلِكَ: فَأَرِنِي وَعَلِّمْنِي، فَإِنَّمَا أَنَا بَشَرٌ أُصِيبُ وَأُخْطِئُ، فَقَالَ: أَجَلْ إِذَا قُمْتَ إِلَى الصَّلَاةِ فَتَوَضَّأْ كَمَا أَمَرَكَ اللَّهُ تَعَالَى، ثُمَّ تَشَهَّدْ فَأَقِمْ، فَإِنْ كَانَ مَعَكَ قُرْآنٌ فَاقْرَأْ وَإِلَّا فَاحْمَدِ اللَّهَ وَكَبِّرْهُ وَهَلِّلْهُ ثُمَّ ارْكَعْ فَاطْمَئِنَّ رَاكِعًا، ثُمَّ اعْتَدِلْ قَائِمًا، ثُمَّ اسْجُدْ وَاعْتَدِلْ سَاجِدًا، ثُمَّ اجْلِسْ فَاطْمَئِنَّ جَالِسًا، ثُمَّ قُمْ فَإِذَا فَعَلْتَ ذَلِكَ فَقَدْ تَمَّتْ صَلَاتُكَ، فَإِنِ انْتَقَصْتَ مِنْهُ شَيْئًا فَقَدِ انْتَقَصْتَ مِنْ صَلَاتِكَ. قَالَ: فَكَانَ أَهْوَنَ عَلَيْهِمْ أَنَّ مَنِ انْتَقَصَ مِنْ ذَلِكَ شَيْئًا انْتَقَصَ مِنْ صَلَاتِهِ وَلَمْ تَذْهَبْ كُلُّهَا». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.
Рифаға ибн Рафиғ (р.а.) былай дейді: «Біз мешітте отырғанда, бәдәуиге ұқсайтын бір кісі келді. Намазын асығыс оқып, Алла елшісіне (с.а.с.) сәлем берді. Пайғамбарымыз: “Саған да сәлем. Қайтып барып, намазыңды оқы. Сен намаз оқымадың”, – деді. Әлгі кісі намаз оқып келіп, қайта сәлем берді. Алла елшісі (с.а.с.) сәлемін алып: “Қайтып барып, намазыңды оқы. Сен намаз оқымадың”, – деді. Осы жағдай екі не үш мәрте қайталанды. Жұрт сескеніп қалды. Намазды асығыс оқыған кісінің намаз оқымаған болып саналуы оларға ауыр тиді. Ақырында әлгі кісі: “Қалай істеу керегін көрсетіп, үйретіңіз. Мен де пендемін: дұрыс істейтін де, қателесетін де кезім болады”, – деді».
Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: «Жарайды. Намазға тұрғанда Алла бұйырғандай дәрет ал. Сосын куәлік айтып, қамат түсір. Жаттаған Құраның болса, оқы. Болмаса, Алланы мадақта, тәкбір айт және “Лә иләһа иллаллаһ” де. Содан кейін рукуғқа бар да, сол қалыпта орнық. Артынша бойыңды тіктеп тұр. Содан соң сәждеге барып, сол қалыпта орнық. Сосын отыр да, отырған қалпыңда орнығып ал. Одан кейін тұр. Осыны орындасаң, намазыңды толық өтейсің. Мұның бірін кем орындасаң, намазыңды да кеміткенің».
Рауи былай дейді: «Осы соңғы сөз сахабаларға “Қайтып барып, намазыңды оқы, сен намаз оқымадың” деген алғашқы сөзден жеңіл тиді. Өйткені айтылған амалдардың бірін кем орындаса, адамның намазы түгел зая кетпей, сол тұсы ғана кем болатын еді».1
- 1Тирмизи, «Салат», 226 (№302); Әбу Дәуіт, «Салат», 148 (№857–861); Нәсәи, «Ифтитах», 105 (2/193), 167 (2/225).