Хадис

Кутуб ситтә, № 2642

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
365. Тәшәһһудтің мағынасы мен мәні
Нөмірі
№ 2642 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 7
2642
Кутуб ситтә, № 2642 · тараудағы реті: 7Риуаят етуші: Уаил ибн Хужр

وَعَنْ وَائِلٍ بْنِ حَجَرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «افْتَرَشَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رِجْلَهُ الْيُسْرَى، وَرَفَعَ يَدَهُ يَعْنِى عَلَى فَخِذِهِ الْيُسْرى، وَنَصَبَ الْيُمْنَى». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِي وَصَحَّحَهُ وَالنَّسَائِيُّ. وَعِنْدَهُ: «وَوَضَعَ ذِرَاعَيْهِ عَلَى فَخِذَيْهِ، وَأَشَارَ بِالسَّبَّابَةِ يَدْعُو».

Қазақша аудармасы

Уаил ибн Хужр (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) сол аяғын жерге төсеп, сол қолын сол санының үстіне қоятын. Оң аяғын тік тірейтін».

Нәсәидің риуаятында: «Екі қолын санына қойып, сұқ саусағымен ишара жасай отырып дұға ететін», – делінген.1

  1. 1Тирмизи, Салат: 218, (292); Нәсәи, Сәһу: 30, (3, 35).