وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ النَّبىَّ ﷺ كَانَ يُشِيرُ بِأُصْبُعِهِ إِذَا دَعَا وَلَا يُحُرِّكُهَا يَدْعُو كَذلِك وَيتَحَامَلُ بِيَدِهِ الْيُسْرَى عَلَى فَخِذِهِ الْيُسْرَى». وَفِي أُخْرَى: «لَا يُجَاوِزُ بَصَرُهُ إِشَارَتَهُ». أَخْرَجَهُ أبو داود، واللفظ له والنسائى.
Қазақша аудармасы
Ибн Зубәйір (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) намазда отырып дұға еткенде сұқ саусағымен ишара жасайтын, оны қимылдатпайтын. Сол қолын сол санына тірейтін».
Басқа риуаятта: «Көзі ишара жасап тұрған саусағынан ауытқымайтын», – делінген.1
- 1Әбу Дәуіт, Салат: 186, (988, 989, 990); Нәсәи, Ифтитах: 189, (2, 237); Сәһу 35, 39, (3, 37, 39).