عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَنَّ رَجُلًا ذَكَرَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ يُخْدَعُ فِي الْبُيُوعِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ بَايَعْتَ فَقُلْ: لَا خِلَابَةَ. فَكَانَ إِذَا بَايَعَ قَالَ: لَا خِلَابَةَ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ.
Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Бір кісі Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сауда үстінде алданып қалатынын айтты. Алла елшісі оған: “Кіммен сауда жасасаң да, ‘Алдау болмасын’ де”, – деді. Содан бастап әлгі кісі сауда жасаған сайын “Алдау болмасын” дейтін».1
Түсіндірме
«الْخِلَابَةُ»: الْخِدَاعُ.
Бұл хадиске сүйенген ғалымдар саудада алдауға жол жоқ екенін, ал алдаудан туған баға айырмасы тауардың қалыпты құнының үштен біріне жетсе, жапа шеккен тарапқа мәмілені күшінде қалдыру не бұзу құқығы берілетінін айтқан. Ханафи, шафиғи және өзге бірқатар ғалымның пікірінше, саудада тараптардың бірі ұтылуы мүмкін. Баға айырмасы аз болсын, көп болсын, оның өзі мәмілені бұзу құқығын бермейді. Түсіндірмеде осы көзқарас негізге алынған. Дегенмен алданған адам қазыға жүгіне алады.
- 1Бұхари, «Буюғ», 48 (№2117), «Истиқраз», 19, «Хусумат», 3, «Хиял», 7; Мүслим, «Буюғ», 48 (1533); Әбу Дәуіт, «Буюғ», 68 (3500); Нәсәи, «Буюғ», 51; Мәлик, «Муатта», «Буюғ», 98. Тирмизидегі ұқсас хадис (№1250) Әнәстан жеткен.