Хадис

Саууға тиіс малды саумай, желініне сүт жинау

Кутуб ситтә, 2-том, 37-тарау · 5 хадис · № 283–287

САУДА-САТТЫҚ (БӘЙҒ) БӨЛІМІ

Хадистер

283
Кутуб ситтә, № 283 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تُصَرُّ»، وَيُرْوَى: «لَا تُصَرُّوا الْإِبِلَ وَالْغَنَمَ، وَمَنِ ابْتَاعَهَا فَهُوَ بِخَيْرِ النَّظَرَيْنِ بَعْدَ أَنْ يَحْلُبَهَا، إِنْ شَاءَ أَمْسَكَ، وَإِنْ شَاءَ رَدَّهَا وَصَاعًا مِنْ تَمْرٍ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Түйе мен қойды саумай, желініне сүт жинамаңдар. Осындай мал сатып алған кісі оны сауған соң екі істің бірін таңдай алады. Қаласа, малды өзінде қалдырады, қаласа, бір сағ кепкен құрма қосып, иесіне қайтарады», – деген.1

  1. 1Бұхари, «Буюғ», 64 (№2148); Мүслим, «Буюғ», 11 (1524); Әбу Дәуіт, «Буюғ», 48 (3443, 3444, 3446); Нәсәи, «Буюғ», 14 (7/253–254); Мәлик, «Муатта», «Буюғ», 96 (2/683); Тирмизи, «Буюғ», 29 (1251–1252).
284
Кутуб ситтә, № 284 · тараудағы реті: 2

وَفِي أُخْرَى لِلْبُخَارِيِّ: «فَإِنْ رَضِيَهَا أَمْسَكَهَا، وَإِنْ سَخِطَهَا فَفِي حَلْبَتِهَا صَاعٌ مِنْ تَمْرٍ».

Қазақша аудармасы

Бұхаридің басқа риуаятында: «Мал көңілінен шықса, өзінде қалдырады. Көңілінен шықпаса, қайтарып, сауған сүтінің өтеуіне бір сағ кепкен құрма береді», – делінген.1

  1. 1Бұхари, «Буюғ», 69 (№2151).
285
Кутуб ситтә, № 285 · тараудағы реті: 3

وَفِي أُخْرَى لِمُسْلِمٍ: «فَهُوَ فِيهَا بِالْخِيَارِ ثَلَاثَةَ أَيَّامٍ». وَلَهُ: «فَإِنْ رَدَّهَا رَدَّ مَعَهَا صَاعًا مِنْ طَعَامٍ لَا سَمْرَاءَ». وَلَهُ فِي أُخْرَى: «مِنْ تَمْرٍ لَا سَمْرَاءَ». وَلَهُمَا: «وَلَا تُصَرُّوا الْإِبِلَ وَالْغَنَمَ».

Қазақша аудармасы

Мүслимнің бір риуаятында сатып алушыға «таңдау жасауға үш күн беріледі» делінген. Тағы бірінде малды қайтарса, «онымен бірге бір сағ азық береді, бидай бермейді» деп айтылған. Өзге нұсқасында: «Бір сағ кепкен құрма береді, бидай бермейді», – делінген.

Бұхари мен Мүслім жеткізген нұсқада: «Түйе мен қойды саумай, желініне сүт жинамаңдар», – делінген.1

  1. 1Мүслим, «Буюғ», 25 (№1524); Бұхари, «Буюғ», 64 (№2148).
286
Кутуб ситтә, № 286 · тараудағы реті: 4

وَلِلنَّسَائِيِّ رَحِمَهُ اللَّهُ: «مَنِ ابْتَاعَ مُحَفَّلَةً أَوْ مُصَرَّاةً…».

Қазақша аудармасы

Нәсәидің бір риуаятында: «Кімде-кім желініне сүт жиналған түйе не басқа сауын малын сатып алса…» – делінген.1

  1. 1Нәсәи, «Буюғ» (№4489), «Сүнән әл-кубра», 6-том, 17-бет (№6036/2).
287
Кутуб ситтә, № 287 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنِ ابْتَاعَ مُحَفَّلَةً فَهُوَ بِالْخِيَارِ ثَلَاثَةَ أَيَّامٍ، فَإِنْ رَدَّهَا رَدَّ مَعَهَا مِثْلَ أَوْ مِثْلَيْ لَبَنِهَا قَمْحًا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Желініне сүт жиналған малды сатып алған кісі үш күн ішінде таңдау жасай алады. Малды қайтаратын болса, онымен бірге сүттің мөлшеріндей немесе одан екі есе көп бидай береді», – деген.1

Түсіндірме

Дініміз сауда-саттықта адалдыққа айрықша мән беріп, алдаудың кез келген түріне тыйым салады. Жаһилият дәуірінде арабтар сатылатын малды сүтті етіп көрсетіп, қымбатқа өткізу үшін оны бірнеше күн саумай, сүтін желініне жинап қоятын. Мұндай малды «мұсаррат» деп атаған. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы саудаға арнайы ереже белгілеп, алдаудың жолын кесті. Жоғарыдағы риуаяттарда малды қайтарған сатып алушының бір сағ құрма беруі де айтылған. Бұл – сауып алынған сүттің өтемі.

Фиқһ ғалымдары бұл хадистерді әртүрлі түсіндірген. Шафиғилер өтемге міндетті түрде кепкен құрма берілуі керектігін айтқан. Сатып алушы кепкен құрма таппаса, оның Мәдинадағы немесе өзі тұратын жерге ең жақын құрма өсетін өңірдегі құнын төлейді.

Имам Ағзам, Имам Мұхаммед, Имам Әбу Юсуф және Имам Мәлик бастаған бірқатар ғалымның пікірінше, сатып алушы желініне сүт жиналған малды «хиярул-айб» құқығына сүйеніп, яғни кемшілігі анықталды деп, иесіне қайтара алмайды. Ол малдың кемшілігінен туындаған құн айырмасын ғана өндіріп алады. Өйткені малдың өзінде пайда болған бөлек өсім оны қайтаруға кедергі болады.

Ханафилер желініне әдейі сүт жиналған сауынды малды сатып алған соң қайтаруға болмайды деген тұжырымды әртүрлі дәлелмен негіздеген. Сол себепті олар бұл хадисті сөзбе-сөз мағынасында қолданбайтынын айтқан.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Буюғ», 48 (3446); Ибн Мәжа, «Тижарат», 42 (2240). Әбу Дәуітте «مَنِ ابْتَاعَ» («сатып алған кісі»), Ибн Мәжада «مَنْ بَاعَ» («сатқан кісі») деп берілген.