Хадис

Кутуб ситтә, № 273

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
35. Сатып алуға және сатуға рұқсат етілмеген заттар
Нөмірі
№ 273 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 15
273
Кутуб ситтә, № 273 · тараудағы реті: 15Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ ضِرَابِ الْجَمَلِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бураны ақылы түрде ұрғашы түйеге қосуға тыйым салды».1

Түсіндірме

Хадисте бураны ұрғашы түйеге қосуға тыйым салынғаны айтылғанымен, ғалымдардың көбі мұны ақы алып шағылыстыруға қатысты деп түсінген. Сондықтан олар бұл істен түскен ақыны харам санаған. Кей риуаяттарда бураның «суын», яғни ұрығын сатуға тыйым салынғаны анығырақ айтылады. Тұқым алу үшін малды ақысыз шағылыстыруға тыйым салынбаған. Ғалымдардың таласы ақы алудың үкіміне қатысты.

  1. 1Мүслим, «Мусақат», 35 (1565); Нәсәи, «Буюғ», 94 (7/310, №4671).